
15:00, 11 сентября 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбелік тәртіп сақшылары кезекті ір көлемдегі есірткіге тосқауыл қойды

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері "Көкнар-2019" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында "Самара-Шымкент" тас жолының 864 шақырымында "BMW"маркалы а/к тоқтатылып, көліктен есірткі табылды, деп хабарлайды City04.kz.
Автокөлік құралына санкцияланбаған тінту жүргізу барысында автокөлік салонында құрамында өсімдік тектес зат бар скотчпен оралған бір полиэтилен қаптан салынған 2 жол сөмкесі табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы 27 килограмм есірткі "марихуана" болып табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері заңсыз айналымға 48 мыңнан астам бір реттік есірткі заттарының мөлшерін жібермей қалды.
Яғни, есірткі дилерлері сатудан түсетін 5 миллион теңгеден астам табысын ала алмай қалды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Как сократить стоимость внедрения TMS системы: советы и лайфхаки
Новости компаний
11:41
22 мая
19:00
19 мая
Объявления
live comments feed...
Комментарии