• Главная
  • Еліміздің шығысында халықаралық "Шығыс-2019" оқу-жаттығуы өткізілуде
10:00, 17 сентября 2019 г.
Надежный источник

Еліміздің шығысында халықаралық "Шығыс-2019" оқу-жаттығуы өткізілуде

Еліміздің шығысында халықаралық "Шығыс-2019" оқу-жаттығуы өткізілуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» оқу полигонынының саптық алаңында «Шығыс-2019» шұғыл тактикалық командалық штабтық (ары қарай ШТКШ) оқу – жаттығуы басталды, деп хабарлайды City04.kz.

Оқу жаттығуға Ресей Федерациясының Орталық әскери округының, Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері, ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштері, Ұлттық гвардия мен Ұлттық қорғаныс комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысуда.

Еліміздің шығысында халықаралық "Шығыс-2019" оқу-жаттығуы өткізілуде, фото-1

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – әскери басқару органдарының дайындық деңгейін тексеру, бөлімшені басқарудағы штабтар мен командирлердің практикалық тәжірибе алуы, өңірдегі бейбітшілікті сақтау бойынша арнайы әскери іс-қимылды бірлесіп орындаудағы өзара іс-әрекет деңгейін нығайту болып табылады.

Оқу – жаттығу мәнісі үш кезеңнен тұрады – әскерлерді жауынгерлік дайындықтың жоғарғы деңгейіне келтіру, бірлескен арнайы әскери операцияны дайындау және өткізу.

Атап айтсақ, бұл оқу-жаттығуға 4000-ға жуық әскери қызметші, шамамен 1500 бірлік әскери техника мен қару-жарақ жұмылдырылды.

«Шығыс - 2019» ШТКШ оқу-жаттығуы шеңберінде халықаралық деңгейде Қазақстанның оңтүстігінде таулық бөлімшелермен және Қарағанды облысында ракеталық артиллериялық бөлімшелермен шұғыл тактикалық ракеталардың оқу атысы бір уақытта өткізіліп жатыр.

Халықаралық әскери бірлестік шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштері Орталық Азия мемлекеттерінің Қарулы Күштері бөлімшелерімен, атап айтсақ Қырғызстан, Өзбекстан,Тәжікстан сонымен қоса Ресей, Белорусия, Индия, Турция және басқа да мемлекеттермен бірлескен оқу – жаттығуларға үнемі қатысуда. Қазақстанның әскери қызметшілері 2018 жылы 10-ға жуық оқу – жаттығуға қатысқан.

«Шығыс-2019» ШТКШ оқу жаттығуын өткізуәскерлердің далалық жағдайдағы дайындығын арттыруға, сонымен қоса оқу – жаттығуға қатысушы мемлекеттер арасында мәселелі сұрақтарды шешудегі кезекті қадам болмақ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...