• Главная
  • Ірі жем-шөптерді жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі
13:15, 18 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ірі жем-шөптерді жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Ірі жем-шөптерді жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Ойыл ауданы аумағында астық жинау және ірі жем-шөптерді жинау науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды City04.kz.

Жұмыстарды жүргізу кезеңіндегі ыстық, құрғақ және желді ауа-райы, ауылшаруашылық техника санының, жанар-жағармайдың көптігі өрт қауіпті жағдайды тудырады. Ірі жем-шөп дайындау кезеңінде, барлық жасалған еңбекті от бір мезетте жоюы әбден мүмкін.

Өрт жем-шөп жинау техникаларына, тракторларға, автокөліктерге және өздігінен жүретін шассиларға отын құюға белгіленген ережелерді бұзушылықтан шығуы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин және басқа да тез тұтанатын жанғыш сұйықтықтар аса қауіп төндіреді. Оталдыру жүйесіндегі ұшқын, оларда ұшқынды сөндіргіштердің жарамсыз жағдайда болуы, агрегаттар торабында жиналған сабандардың үйкелісі далалықтағы және жем-шөп сақтау орындарындағы өрттерге себеп болуы ықтимал.

Ірі жем-шөптерді жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі, фото-1

Осыған байланысты Ойыл ауданының ТЖ бөлімі аудандық №18 ӨСБ бірлесіп ауыл шаруашылық ұйымдары және шаруа қожалықтарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейдтер ұйымдастыруда. Атап айтсақ, 2019 жылдың өрт қауіпті кезеңі басталысымен 179 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 1726 тұрғын қамтылды. Түсіндірме жұмыстары барысында жұмылдырылатын техникаларды, жарақты өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуіне, тракторлар мен көліктердің ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен жабдықталуына баса назар аударылды.

Сонымен қатар, Ойыл ауданы орталығында апта сайын өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде ірi жем-шөптерді тасымалдайтын көлiк жүргізушілеріменде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 84 көлік жүргізушісіне ескертпе парақшалары таратылды.

Жоғарыда аталған жұмыстар өрт қауіпті кезеңі соңына дейін жалғасын табатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ОЙЫЛ

Комментарии

Объявления
live comments feed...