• Главная
  • Ақтөбелік тәртіп сақшылары жұмысқа алу үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде
15:08, 20 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік тәртіп сақшылары жұмысқа алу үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде

 Ақтөбе облысы полиция департаментінде бүгінде тергеушілер, жедел қызметкерлер мен патрульді полиция мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларға сұраныс бар.

Ақтөбе қаласындағы «Керуен сити» сауда-ойын сауық кешенінде өткен Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Ақтөбе облысы полиция департаментінің Кадр аппаратының қызметкерлері қатысты.

Ақтөбелік тәртіп сақшылары жұмысқа алу үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде, фото-1

Ақтөбе облысы полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының мамандары ішкі істер органдарында қызмет етем деп ниет еткендерге жұмысқа қабылдаудың тәртібі және болашақ тәртіп сақшыларына қойылатын талаптарды жан-жақты түсіндірді.

Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап патрульді полиция қызметкерлерінің еңбекақысы 65%, жедел-тергеу бөлімшелеріне 50%, учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларға 20% -ға өсті. Сонымен қатар өзінің жеке пәтері болмаса, жалдап тұратын пәтеріне жеңілдік төлемақы қарастырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #полиция актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...