• Главная
  • Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
15:26, 25 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл

Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде «Ашықтық. Айқындық. Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл» тықырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Шараға «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен Ақтөбе облысы полиция департаментінің консультативтік кеңес органы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Төтенше жағдайлар мен қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің өкілдері қатысады.

Қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың 2-ші қыркүйектегі Қазақстан Халқына арнаған жолдауындағы басым бағыттармен,соның ішінде ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы атқарылып жатқан істерді талқылады.

Соңғы 2 жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар 50 пайызға азайды Заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсатында қолға алынған кешенді іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлерімен жасалатын сыбайлас жемқорлық фактілері өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда азайды 2018 жылы 30 қызметкер күдікті деп танылса,2019 жылы 15 қызметкер.

Бұл атқарылып жатқан жұмыстың оң нәтижесін көрсетеді.Көпшілігіңізге біздің полиция қызметкерлеріне қатысты әлеуметтік желілерде жарық көрген сыни жарияланымдар, фото және бейне материалдар жақсы таныс.Біз осы сыни материалдарды дер кезінде бақылауымызға алып, қызметкерлеріміздің іс-әрекеттерінің заңға қайшы тұстарын нақтылап,кейде оларды жұмыстан шығарып, нақты шаралар қабылдаймыз.

Біз өз қатарымызда сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алдық. Ол нәтижелі,- деді Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Төленді Досымбекұлы.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары Ақтөбе облысы Полиция департаменті ғимаратына өткізу тәртібін ыңғайландыру жайын ұсынды, яғни сырттан шаруаларымен келгендер өздерін қолайсыз сезінетіндіктерін жеткізді. Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Атығай Арыстанов бұл сауалдың шешімін табатынын айтты.

- Өкінішке орай,біздерде полиция қызметкерлерінің өздері заң талаптарын бұзып,сыбайлас жемқорлыққа жол беретін тұстары бар. Біз олармен жұмыс жасап, алдын алу шараларын күшейтуге нақты көңіл бөлудеміз,- деді Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Дөңгелек үстел сындарлы және жемісті өтті, барлық қатысушылар белсенді ат салысып, ойларын ашық түрде ортаға салды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...