12:22
13 сентября
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының ресми іс-шаралары аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды City04.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуды жалғастыра беретінін атап өтті.
Комментарии