Татарстан мен Ақтөбе облысы әріптестікті нығайтпақ

26-қыркүйек, бейсенбі күні  Ақтөбе облысының  әкімі  Оңдасын Оразалин Татарстан Республикасы Қазан қаласына іс-сапармен барды.  Аймақ басшысы бастаған  делегация әлемнің ірі компанияларымен бірігіп жұмыс жасайтын  инвестициялық даму агенттігінде болып, олардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды City04.kz.
2011 жылы іске қосылған   агенттіктің басшысы  Талия Минуллина ақтөбелік қонақтарға экономикалық аймақта кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайды көрсетті. Ол сондай-ақ,  Ақтөбе өңірінің мамандарымен  тәжірибе алмасуға және бірігіп жұмыс жасауға әзір екенін жеткізді. Одан соң Татарстан елінің экономикалық әлеуетінің таныстырылымы өтті. Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен ТР-ның инвестициялық даму агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы, және "Атамекен"
Ақтөбе облыстық өңірлік палатасы мен ТР-ның сауда өнеркәсіптік палатасы арасында  өзара ынтымақтастық туралы меморондумдарға  қол қойылды.
Өңір басшысының сапары заманауи индустриялық «Химград»кешенінде жалғасты. Резиденттерге  алаңдар мен жер учаскелерін жалға беріп, сатумен  айналысушы «Химград» өндірісті жылдам бастап, оны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы ауданы 131 га, ғимараттар мен құрылыстардың жобалық ауданы 500 мың шаршы метрден асады. Химия өнеркәсібі, полимерлерді қайта өңдеу, нанотехнологиялар, ресурс үнемдеу және энергия тиімділігі, медициналық технологиялар саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестегі 282 компания жұмыс жасайды. Оңдасын Оразалин салаларға  қажетті жабдықтардың ішінде  ұшқышсыз басқарылатын, ауылшаруашылығымен қатар түрлі салада қолдануға болатын «Flyp» жүк дронына қызығушылық танытты. Ауылшаруашылығына керекті әрі тимді  жаңа  технологияны  мамандармен біріге отырып  Ақтөбе облысында жүзеге асыру қажеттігін айтты. 
Бұдан соң, облыс әкімі  Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың қабылдауында болды. Кездесуде   туризм, кәсіпкерлік, денсаулық, білім, химия өнеркәсібі саласында екі жақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, алдағы уақытта тізе қосып жұмыс жасауға уағдаласты.
«2017 жылдың 9-қарашада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХIV Форумы аясында Ақтөбе облысының әкімдігі мен Татарстан Республикасының Үкіметі арасында сауда-саттық, экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Осы кездесу аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндіктер ашылады деп үміттенемін.
Ағымдағы жылдың 7 айында біздің облысымыз бен Татарстан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналым  19,6 млн АҚШ долларын  құрады»,-деді Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы сондай-ақ, фермерлерге өнімдерін сақтап, қайта өңдеу, буып-түю, өндіру және тікелей халыққа сату жұмыстарын атқаруға  бір алаңда мүмкіндік беретін  «Қазан» агроөнеркәсіптік кешенінде болды.
Басшысы Олег Власов облыс әкіміне жұмыстарын көрсетіп, жоспарларымен бөлісті.
Айтып өтейік, Татарстан Республикасынан Ақтөбе облысына  ірі қара мал, ірі қара мал еті, этилен полимерлері, бұрандалар, болттар, гайкалар, глухарлар, тіркемелер мен жартылай тіркемелер және т. б тауар түрлері жеткізіледі. Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірдегі 9 шаруа қожалық сүтті асыл тұқымды сиырларды сатып алу бойынша келісімдер жүргізуде.
Содан соң, ақтөбелік делегация РФ бойынша  бірінші IT бағытындағы Иннополис университетінде болып, жұмыстарымен танысты.   Карнеги-Меллон, Мәскеу Мемлекеттік университетімен, Цюрих Швейцария жоғары техникалық мектебімен, Сингапур Ұлттық, Амстердам университеттерімен, Корея алдыңғы қатарлы технологиялар институты, Мәскеу физика-техникалық институтымен жұмыс жасайтын білім ордасы 2012 жылы ашылған. Университет қалашығында мектеп оқушыларын жоғары оқу орнына дейінгі дайындық аясында спорттық робототехника, математика, бағдарламалау және жобалық қызмет курстарын қамтитын STEM-бағдарламалар бойынша оқытады. АҚШ, Канада, Пәкістан, Англия, Франция елдерінен келген 30дан астам  оқытушы дәріс береді.
Аймақ басшысы бұдан соң «Ювт Аэро» АҚ әуе компаниясының бас директоры  Петр Трубаевпен кездесті. Кездесуде Ақтөбе мен Қазан қаласы арасындағы әуе қатынасты реттеу мәселесі талқыланды. Екі шаһардың байланысын арттыруға арналған жаңа әуебағыттың ашылуы бойынша келіссөздер жүргізілді.
Татарстан еліндегі іс-сапар соңында  облыс әкімі  Оңдасын Оразалин «Татарстан- Новый век» мемлекеттік телеарнасына  сұхбат берді. Облыс басшысы Қазақстан мен Татарстан арасындағы әлеуметтік-экономикалық, достық қарым-қатынас аясында түсіріліп жатқан деректі фильмде өз пікірін білдірді.
Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі индустриялық-инновациялық даму, экономика және бюджетті жоспарлау басқармаларының басшыларына, Ақтөбе "ӘКК" АҚ» Басқарма төрағасына, өңірлік  «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының  басшысына аймақтағы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
НОВОСТИ КАЗАХСТАНА АКТОБЕ АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ УРАЗАЛИН ОНДАСЫН
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Общество
Оның бірі Рамазан айының соңғы онкүндігінде қайтыс болған қазақ елінің журналисті марқұм Бейсен Құранбекке бағышталды, деп хабарлайды City04.kz Ақтөбе облысы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айымен бірге басталған Құран Кәрімді толық оқу жұма күні, 22 мамырда, өз мәресіне жетті. Алланың қасиетті кітабын бастан-аяқ оқыған ақтөбелік қари Бекжан Әлденов хатым дұғасын жасады. Барлық қызметтер онлайн режимге көшуіне байланысты қари You t...
Общество
Ораза Айт – это праздник прощения и милосердия, поэтому необходимо очистить душу от обид и злобы, чтобы встретить начало нового месяца в мире и согласии. Мусульмане Казахстана отмечают Ораза айт (Ураза байрам, Ид аль-фитр) – праздник, знаменующий окончание священного месяца Рамадан, сообщает City04.kz  со ссылкой на zakon.kz. В этом году Ораза айт будет отмечаться 24, 25, 26 мая, который следует сразу за великим для мусульман постом в месяц Рамазан. Рамаза...
Общество
За сутки в Актобе зарегистрировано 18 новых случая заражения коронавирусной инфекцией, передает City04.kz со ссылкой на Межведомственную комиссию по нераспространению COVID-19. В стране зарегистрировано 403 новых случая COVID-19. В разрезе регионов ситуация выглядит так: в Карагандинской области - 90 (19,1 процента), Северо-Казахстанской области - 6 (15 процентов), Туркестанской области - 33 (11,8 процента), Актюбинской области - 18 (7,1 процента), Шымкент...
Общество
Согласно документу до конца года в каждом районе должны заработать теплицы, масло перерабатывающие цеха, убойные площадки с цехом переработки мясных изделий, передает City04.kz. Масло перерабатывающие цеха в районах начнут действовать до конца сентября. Основными базами станут хозяйства, в которых доятся не менее 30-50 коров. Они же будут принимать молоко от населения. Помимо этого, до 1 октября во всех районах появятся убойные площадки с цехами по перераб...
Общество
Бұл туралы «Antikor ortalygy» сервистік ғимаратында «Antikor live» жобасы аясында Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ислам Ізбасқанов мәлімдеді деп хабарлайды City04.kz. Ислам Ізбасқановтың айтуы бойынша биылғы жер беру кезегі тоқталып тұр. Келесі 2021 жылы 2009 жылы кезекке тұрған адамдардың 12500-не жер беру жоспарлануда. Сонымен қатар, эфир барысында көрермендерден комерциялық негіздегі жерлерге қатысты, қ...
Общество
Духовное управление мусульман Казахстана выступило с обращением по поводу проведения праздничного Айт намаза 24 мая, сообщает City04.kz. - В исламе любой праздник начинается с поклонения. Согласно шариату, обязательно совершать Айт намаз с жамагатом. Однако в этом году Айт намаз не будет проводиться в мечетях из-за карантинной ситуации в стране. По мазхабу имама Абу Ханифы, не допускается совершать праздничный Айт намаз одному дома. Однако в день Айта посл...
Спорт
Британский сайт World Boxing News со ссылкой на инсайдера в стане мексиканской звезды Сауля Альвареса утверждает, что Канело дал добро на бой с чемпионом мира по версии WBO в суперсреднем весе Билли Джо Сондерсом в начале осени на арене без зрителей, передает City04.kz со ссылкой на  Vesti.kz. "Альварес поддерживает вариант боя за закрытыми дверями в сентябре, - сказал журналист Azteca Deportes Родольфо Варгас. - Он на 100 процентов предан боксу и сейчас р...
Общество
Появилась информация о погибших при крушении самолета А320 в Пакистане. Власти провинции Синд сообщили о том, что в трагедии удалось выжить как минимум двоим, пишет  City04.kz со ссылкой на NUR.KZ.  Пресс-секретарь местного правительства Муртаза Вахаб опубликовал информацию об этом в Twitter, передает РИА Новости. По его словам, в катастрофе удалось выжить двум пассажирам лайнера "Пакистанских международных авиалиний". Представитель властей провинции подтв...
Общество
Жителям ЖМ «Юго – Запад 2» сутки нельзя употреблять воду для чаепития и приготовления пищи передает City04.kz. С 26 мая с 9:00 часов до 27 мая 9:00 часов будут проводиться работы по обеззараживанию внутрепоселковых водопроводных сетей. АО «Aqtobe su-energy group» сообщает, что подобные мероприятия проводятся с повышенным содержанием хлора. Отключения воды не будет, но сутки ее нельзя употреблять для чаепития и приготовления пищи. Нужно заранее произвести с...