• Главная
  • Интернаттағы өрт қауіпсіздігі
12:57, 27 сентября 2019 г.
Надежный источник

Интернаттағы өрт қауіпсіздігі

Интернаттағы өрт қауіпсіздігі

Интернаттағы қауіпсіздіктің болуы басты шарт. Себебі де айдан анық.

Сондай Ырғыз ауданындағы интернатта Төтенще жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі сабағы ұйымдастырды, деп хабарлайды City04.kz.

Төтенше жағдайлар бөлімі 2019 жылдың 24 қыркүйегі күні Ырғыз ауылында орналасқан Ырғыз гимназиясы жанындағы интернатта өрт қауіпсіздігі сабағын ұйымдастырды. Ең алдымен, Бөлім қызметкерлері кешкі мезгілде интернатқа ескертусіз өрт дабылдатқышты іске қосып, балалардың іс-әрекеттерін бақылады. Содан соң балалар мен интернат қызметкерлеріне, өрт дабылы қосылған кездегі іс- әрекеттеріндегі қателіктер және алдағы уақытта жол бермеу, дұрыс эвакуациялану қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, мекеме басшысына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар мен сабақтарды балаларға жиі өткізіп тұру қажеттілігі айтылды. Барлығы 6 мекеме қызметкері, 50 бала қатысты.

Сабақ соңында барлығына (улы газ, тұрғын секторында өрт қауіпсіздігі қағидалары, балаларды жалғыз қалдырмаңыз, адамдар жаппай көп шоғырланатын объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережелері тақырыбындағы) жадынамалар таратылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...