• Главная
  • Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға
11:09, 28 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Бүгін облыстық көлемде еңбегі ереңдігімен ерекше есте қалатын ұстаздар қауымын өңір басшысы Ондасын Оразалин құттықтады, деп хабарлайды City04.kz.

Атаулы күнде ұстаздарға құрмет көрсеткен мерекелік кеште өнерлі балақайлар ән салып, би биледі. Өз кезегінде ұстаздар да көтеріңкі көңіл күйде болды. 

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға, фото-1

Шара барысында ұстаздарға арналған вальс пен оркестрдің орындауындағы музыкалық әуенге қоса Ақтөбе қалалық өнер лицейі мен шығармашылық академия ұйымдастырған суретшілер алаңы ерекше сыйлық болды. 

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға, фото-2

Қалалық өнер лицейінің меңгерушісі осындай суретшілеріміздің ұстаздардың портретін салып беріп, қуанышқа бөлеуі ерекше сый екендігін алға тартты. 

- Ұстаздарға арналған шарада сыйдың төрі осы кісілерге, яғни мұғалімдерімізге арналуы керек. Сондықтан міне, бүгін осы сәтті пайдаланып, суретшілеріміз порттер салып тегін тарту етті.

Мерекелік жиында облыс әкімі арнайы еңбегі сіңген ұстаздарды марапаттады. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ДЕНЬ УЧИТЕЛЯ #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕҒ ОНДАСЫН УРАЗАЛИН

Комментарии

Объявления
live comments feed...