• Главная
  • Эльмира Суликанова: Жол көлік оқиғасының басты себепшісі - жүргізушісі
16:09, 30 сентября 2019 г.
Надежный источник

Эльмира Суликанова: Жол көлік оқиғасының басты себепшісі - жүргізушісі

Эльмира Суликанова: Жол көлік оқиғасының басты себепшісі - жүргізушісі

Ақтөбе облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының Жол көлік оқиғасы бойынша тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Эльмира Суликанова 10 жылдан астам уақыт жол көлік оқиғасына қатысты істерді тергеумен болды. Еңбек жолында талай кезеңдерді бастан кешірген бүгінгі кейіпкерімізбен City04.kz оқырмандары таныс болсын.

Бөлім бастығы мен қызметкерлері облыстың қай түкпірінде болмасын көлік апаты болған жерге дер кезінде жетеді.

Бұл басқармада 4 тәжірибелі қызметкер жұмыс атқарады, олар: Берік Қалиев пен Сергей Ефименко – полиция подполковнигі, Айболат Кушмагамбетов – майор және жас болса да, жұмысқа тиянақты капитан Исмурзин Руслан.

Ағымдағы жыл басынан облыста 215 ауыр және өліммен аяқталған жол көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 70 адам көз жұмып, 64-і әртүрлі дене жарақаттарын алған.

ЖКО-ның 6 жағдайы бойынша қылмыстықіс ашылмады, себебі, қылмыскерлер оқиға орнынан таса болған. Біраз уақыт өткеннен кейін, оның ішінде 4 іс тергеу амалдары негізінде күдіктілер қолғатүсіп, заң бойынша жауапкершілікке тартылды. Қалған 2 іс қатысты әлі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Ауа-райының қолайсыздығы мен жолдың жағдайынан емес, жол көлік оқиғасының басты себепшісі – жүргізуші - дейді Эльмира, - қандай жылдамдықпен айдап келе жатқаны, оның көңіл-күйі, жағдайды дұрыс бағалауы – осының бәрі әсер етеді.

Жол көлік оқиғасы ережесіне сәйкес, кез келген көлік жүргізушісі өзін-өзі қорғау рефлексін ұстап, солға қарай бұрып, өзін зақым алудан қорғайды, сол себептен жолаушылар зардап шегеді. Негізі, жол жүру ережесіне сәйкес, жол апаты болғанда, жүргізуші оң жаққа қарай бұрылу керек (!).

Сонымен қатар, халықтың назарына, жол көлік оқиғасының басым көпшілігі жаяу жүргіншілердің кесірінен де орын алып жатады. Көбінесе, жастар құлаққапты киіп алып, жаяу жүргіншілерге тыйым салынған жерден жолды кесіп өтіп, жол апатына себеп болады. Кейде тергеу кезінде жүргізушілер «мен оған дабыл қақтым, бірақ ол естімеді» деп жатады.

Көлік жүргізушілерге бейнетіркегіш орнату қажеттігі жайында айтамын, жол көлік оқиғасы болған уақытта екі жақ тараптың қайсысы қателік жібергенін анықтауға көмектеседі» деп полиция подполковнигі өз сөзін қорытындылады.

Эльмира Суликанова еліміздегі жол көлік оқиғасы мен ауыр қылмыс түрін тергеумен айналысатын жалғыз әйел қызметкер. 23 жылы Ішкі істер органына арнаған Эльмира Суликанова, оның ішінде 19 жыл анықтау басқармасында қызмет еткен.

Жолдасы, полиция подполковнигі Аман Суликановпен бірге 4 баланы тәрбиелеп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...