• Главная
  • Үздіктер анықталды: әскери сынақтан мүдірмей өткендер
09:00, 1 октября 2019 г.
Надежный источник

Үздіктер анықталды: әскери сынақтан мүдірмей өткендер

Үздіктер анықталды: әскери сынақтан мүдірмей өткендер

Ақтөбе шаһарында орналасқан 6655 әскери бөлімінде рота командирі, рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары және взвод командирлері арасында «Үздікті» анықтауға арналған байқаудын 1-кезеңі өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Сайысқа 6 ротадан барлығы 25 офицер қатысып, бақтарын сынады. Сайыс тәртібімен: жауынгерлік дайындықтарын дәлелдеу кезінде офицерлер: уставты жатқа білу және тест тапсыру, макаров тапаншасынан 25 метрден нысанаға көздеп ату, белгіленген уақытпен 3 шақырымға, сондай-ақ, 100 метр жылдамдыққа жүгіру, белтемірге 15 рет тартылу секілді тапсырмаларды орындады.

Үздіктер анықталды: әскери сынақтан мүдірмей өткендер, фото-1

- Байқаудың мақсаты- офицерлердің тәжірибесін шыңдау және олардың арасындағы өзара бәсекелестікті күшейту. Сонымен қатар, «үздік» атағын алу үшін офицерлердің өз қызметтерін жоғары көрсеткішке жеткізуге тырысуына ынталандыру.

Тағы бір айта кететіні, осындай байқаудың офицерлерге сыйлайтын тағы бір мүмкіндігі- аталған сайыстан «үздік» танылған офицер Батыс өңірлік қолбасшылығында өтетін сайысқа қатысып, одан да үздік танылған жағдайда, алдағы қызметінде жоғары лауазымға тағайындалуына себтігін тигізеді, - дейді байқауға жетекшілік еткен бөлім командирінің орынбасары, подполковник Жолдасбек Нұркешов.

Сайыстың қорытындысымен, «Үздік рота командирі» - материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының рота командирі, капитан Айтбай Орынбаев, «Үздік рота командирінің орынбасары»- I атқыштар ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Марғұлан Төкенов және «Үздік взвод командирі» ретінде- материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының автомобилді взвод командирі, лейтенант Арслан Айдархан танылды.

Лейтенант Арслан Айдархан «үздік» болуды әскери институтты бітірген кезден бастап армандап, мақсат қойғанын айтады. Сондықтан ол, бірінші рет өзінің қабілетін сынаған «үздіктер» сайысынан «озып» шығатынына сенімді болыпты. -Әрине, сайыста жеңіске жететініме сенімді болдым.

Үздіктер анықталды: әскери сынақтан мүдірмей өткендер, фото-2

Себебі, менде дайындық өте жоғары болды: таңертең және кеште физикалық тұрғыда өзімді дайындадым. Ату алаңында штаттық қарудан нысанаға көздеп тигізуге жаттықтым.

Басшылық құжаттарды, жалпы әскери жарғыларды оқыдым. Бастысы, осы конкурсқа қатысу арқылы мен өзімнің мүмкіндіктерімді байқадым және алға қойған тапсырманы орындай алатынымды, сондай-ақ мақсатқа тек еңбектену арқылы жетуге болатынын ұқтым.

Бір сөзбен айтқанда, сайыс барысында әскери қызметтегі өткізген бір жылымның бекерге өтпегенін түсіндім,- дейді материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының автомобилді взвод командирі, лейтенант Арслан Айдархан.

Айта кету керек, аталған сайыста «үздік» аталған офицерлер енді «Батыс» өңірлік қолбасшылығында төрт өңірден қатысатын офицерлер арасында бақтарын сынайтын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ҮЗДІКТЕР АНЫҚ

Комментарии

Объявления
live comments feed...