• Главная
  • Ақтөбеде "Квиз, плиз!" зияткерлік ойыны өтпек
14:16, 2 октября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде "Квиз, плиз!" зияткерлік ойыны өтпек

 Ақтөбеде "Квиз, плиз!" зияткерлік ойыны өтпек

Ақтөбеде алғаш рет жас кәсіподақ белсенділерінің басы қосылып, «Квиз, плиз!» зияткерлік ойын өтеді, деп хабарлайды City04.kz.

3 қазан Ақтөбе облысының жастар кәсіподақ белсенділерінің арасында өзара іс - қимылды нығайту және жастар кәсіподақ қозғалысын дамыту мақсатында алғаш рет "Квиз, плиз!" зияткерлік ойыны (викторина) өтеді.

Ұйымдастырушы - "Квиз, плиз!" халықаралық зияткерлік ойынының қолдауымен Ақтөбе облысының Кәсіподақтар Орталығы.

Зияткерлік ойынға Ақтөбе облысының салалық / жергілікті / бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жастар кәсіподақ белсенділерінен тұратын 16 команда қатысады.

Ойын қатысушылары әр түрлі тақырыптар бойынша, соның ішінде еңбек құқықтары мен кәсіподақтарға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Жалпы шара 6 раунд қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып және жүлделермен марапатталады.

 Ақтөбеде "Квиз, плиз!" зияткерлік ойыны өтпек, фото-1

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Кәсіподақтар Орталығы жанындағы "Келешек" Жастар кеңесінің Төрағасы Д. У. Жылмағанбетов пен "Қазхром ТҰК" АҚ АФЗ қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторы П. А. Овсиенконың келесі тақырыптар бойынша сөз сөйлейді:

1) Жастардың құқықтары мен заңды мүдделері. Өзін-өзі көрсету.

2) "Қазхром ТҰК" АҚ АФЗ жастар саясатының тәжірибесі.

Еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер.

Өтетін орны: «Liberty». Ақтөбе қ., Әбілқайыр хана даңғылы, 52 (Қоныс СС оң жақ қанаты).

Басталуы: сағ. 19:00

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #КВИЗ #ПЛИЗ!

Комментарии

live comments feed...