• Главная
  • Ақтөбе облысында "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы қорытындыланды
17:21, 2 октября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы қорытындыланды

Ақтөбе облысында "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы қорытындыланды

2-қазан облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті, передает City04.

Жиынға облыс әкімінің орынбасаралары, аппарат басшысы, қала әкімі, департамент, басқарма басшылары мен видеобайланыс арқылы аудан әкімдері қатысты.

Басқосуда 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында Ақтөбеде өткен десант жұмыстары яғни, әрбір басқармаға жүктелген «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Кезекті отырыста дін, білім, кәсіпкерлік, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары есеп берді.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының іске асуы бойынша баяндаған дін басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев 1ай ішінде тұрғындар арасында, ірі кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінде 469 шара ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Ол жұмыстар мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, дін саласына қатысты ақпараттық насихат жұмыстары болып табылады. Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін кеңінен қамту, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарға деген сенімді ояту мақсатында үш рет «Ашық есік күні» өткізілген.

Ақтөбе облысында "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы қорытындыланды, фото-1

«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімдерінің мамандарымен қабылдау жүргізілген. Жалпы саны 200-ден астам адамға кеңестер мен көмектер көрсетілген.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ерлан Назаров халық арасында кәсіпкерлікпен айналысудың тетіктерін үйретуге бағытталған 66 іс-шара ұйымдастырған. Оған 1100-ден астам азамат қатысқан. Оларға бизнесті мемлекеттік қолдаудың құралдары түсіндіріліп, несие, кепілдік беру, БЖК-2020 бойынша гранттарды алу, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту, «Бизнес-Бастау», «Бизнес – Кеңесші» оқулары, көше саудасын жүзеге асыру үшін орын алу, бизнес үшін жер телімдерін ресімдеу, құрылысқа рұқсат беру және т. б. мемлекеттік қолдау алу мүмкіндіктерімен таныстырған.

Нәтижесінде 12 азамат «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлікті оқуға ниет білдірген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласындағы 23 кәсіпорынға қолдау көрсетілген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...