• Главная
  • Өңір басшысы тұрғындарды қабылдады
15:00, 9 октября 2019 г.
Надежный источник

Өңір басшысы тұрғындарды қабылдады

Өңір басшысы тұрғындарды қабылдады

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыс әкімдігі және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында аймақ тұрғындарымен кезекті қабылдауын өткізді, деп хабарлайды City04.kz.

Жеке мәселелерімен келген облыс тұрғындары аймақ басшысына өз өтініштерін жеткізді. Өңір тұрғындары еңбек қатынастары, денсаулық сақтау, емделу, кәсіпкерлікті қолдау, жер, тұрғын үй мәселелерін көтерді.

Өңір басшысы тұрғындарды қабылдады, фото-1

Атап өтсек, облыс әкімдігінде 8 адамды 6 мәселе бойынша қабылдады. Ал «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы ретінде 11 адамды 6 мәселесі бойынша қабылдады.

Азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдаған өңір басшысы мәселенің мән-жайына орай түсіндірме беріп өтті.

Сонымен қатар, тиісті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекеме басшыларына туындаған мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ОНДАСЫН УРАЗАЛИН #АКИМ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Комментарии

live comments feed...