Адам өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің негізгі себебі психобелсенді заттарды қолдануға тәуелділігі

Өткен аптада Ақтөбе облысының ТЖД гарнизонының жас қызметкерлерінің қатысуымен осы тақырыпта семинар-дәріс өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Семинардың мақсаты – жас қызмершілерге психобелсенді заттарды қолданудың олардың денсаулығы үшін қайғылы салдарын және мемлекет қызметкері абыройына нұқсан келтіретін жағымсыз әрекеттердің алдын алу. Семинарға дәріскер ретінде «Семья» медициналық орталығының нарколог- психотерапевт Иван Кузнецов шақырылды. Нашақорлық пен маскүнемдік – кез-келген адам тап болуы мүмкін нағыз қауіп, деп еске салды нарколог.

Адам өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің негізгі себебі психобелсенді заттарды қолдануға тәуелділігі , фото-1

Адам психикасына зиянды әсер ететін психобелсенді заттарды қолдануға тәуелділік – өз-өзіне қол жұмсау қауіпінің басты себебі. Сондықтан қазіргі кезеңде біздің алдымызда тұрған басты мақсат – қоғамды есірткіге тәуелділік пен маскүнемдіктен тазарту, нашақорлықтың алдын алу және оның залымдығы мен одан кейінгі азаптары туралы хабарлау.

Семинар барысында дәріскер психобелсенді заттарды қолданудың зияны мен зардаптары туралы айтып, денсаулығының нашарлауын айтпағада, қызметкерлерге осындай зиянды заттарды қолданбас бұрын өз жанұясы мен жақындары туралы ойлануға шақырды.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии