17:22, 11 октября 2019 г.
Надежный источник

Саптық байқау жүргізілді

Саптық байқау жүргізілді

Жеке құрамның қысқы арнайы киім үлгісіне ұйымдасқан түрде ауысуы үшін Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ №2 МӨСБ аумағында саптық байқау жүргізілді, деп хабарлайды City04.kz.

Байқау нәтижесі бойынша қызметкерлер өзінің толық дайындығын көрсетті. Аталған іс- шараға Қызметтің басшылығы қатысты. Басшылық және жауапты тұлғалар саптық дағдының деңгейін, бөлімшелердің үйлесімдігін, сыртқы келбетін, киім-кешек түрлерін, қызметтік куәліктің бар болуын, жеке нөмірі көрсетілген жетондарды, Қызметтің жеке құрамының айырмашылық белгілерін тексерді.

Бөлімшелер бастықтарының сапты еппен басқара білуі және Өрт сөндіру қызметі құрылымдық бөлімшелерінің және өрт сөндірушілердің саптық дайындығының жай-күйі көрсетілді.

Саптық тексеріс нәтижелерін Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.М.Ермағамбетов жақсы деп таныды.

Саптық байқау жүргізілді , фото-1

Азаматтық қорғау қызметкерлері үшін осыған ұқсас байқаулар Қызметтің барлық бөлімшелерінде жүргізілді.

Саптық байқаулар қызметкерлердің патриоттық сана-сезімін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау тарихи дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастырады, тұлғалық еріктілік, физикалық қасиеттерді дамытады және жауапкершілік сезімі мен ұжымшылдықты қалыптастырады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...