• Главная
  • Атырауда әскери міндеттілермен оқу-жиындар өткізілді
17:09, 13 октября 2019 г.
Надежный источник

Атырауда әскери міндеттілермен оқу-жиындар өткізілді

Атырауда әскери міндеттілермен оқу-жиындар өткізілді

Әскери оқыған ресурстардың жауынгерлік және мобилизациялық даярлығын арттыру мақсатында Атырау облысының 70 запастағы офицері «Қарабатан» оқу полигонында жиыннан өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Жиын қыркүйектін 11 мен қазаннын 11 аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Қарабатан» оқу полигонында өтті. Атырау облысының барлық аймақтарынан шақырылған 70 запастағы офицерлер, өздерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша курстан өтті. Жиын басында олармен тактикалық, мобилизациялық, атыс және әскери-медициналық дайындық бойынша, сонымен қоса халықаралық әскери құқық, әскери педагогика мен психология бойынша дәріс сабақтары өтті.

Атырауда әскери міндеттілермен оқу-жиындар өткізілді , фото-1

Кейін, олар өздерінің тікелей әскери бағыттары бойынша тәлім алды. Жиынның аяқталуына орай ұйымдастырылған салтанатты митингте офицерлердің атынан лейтенант Азамат Торегелдиев сөйледі.

- Барлық запастағы офицерлердің атынан, жиын басшылығына зор алғысымызды білдіреміз. Олар біз үшін нағыз әскери ортаны жасап, білім беріп, әскери бауырластыққа баулып отырды, - деді офицер.

Жиын барысында көзге түскен офицерлер өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияровтың қолынан мадақтама қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды, ал жиынның үздік мергені атанған лейтенант Саламат Тұрланұлы кубокты иеленді. Аталмыш жиындар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен әскери жасақтарының әскери-оқыған резервінің жауынгерлік және жұмылдыру деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп отырады.

Атырауда әскери міндеттілермен оқу-жиындар өткізілді , фото-2

Жиын кезіндегі әскери міндеттілердің тұрмыс орыны, азық-түлік және киім-кешек жабдықталымы Қорғаныс министрлігінің тарапынан жүргізіледі. Әскери міндеттілердің жұмыс орыны мен лауазымы оның әскери бөлімнен келгенге дейінгі уақыт аралығында сақталады. Сонымен қоса, мемлекеттік бюджеттің тарапынан орта айлық жалақы төленетін болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...