• Главная
  • Дәрігерлер кеңседе жұмыс істейтіндердің қандай ауруға шалдығатынын айтты
08:29, 15 октября 2019 г.
Надежный источник

Дәрігерлер кеңседе жұмыс істейтіндердің қандай ауруға шалдығатынын айтты

Дәрігерлер кеңседе жұмыс істейтіндердің қандай ауруға шалдығатынын айтты

Кеңсе қызметкерлерінде уақыт өте келе жүйкенің жұқаруы мен мазасыздық пайда болады. Уақыт өте келе психологиялық проблемалар жүйке және жүрек-тамыр жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін.

Компьютер алдында үнемі отырып, жұмыс істейтін адамдар жүйке және бүйрек ауруына жиі шалдығады, деп хабарлайды City04.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

"Бұл жағдайдың басты себебі – кеңсе жайларындағы ауа сапасының нашарлауы, ауа алмасудың жеткіліксіздігі, компьютерде өте ұзақ уақыт жұмыс істеу және бір бөлмеде көп адамның отыруы", - дейді ресейлік медициналық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары.

Мамандардың айтуынша, кеңсе қызметкерлерінде уақыт өте келе жүйкенің жұқаруы мен мазасыздық пайда болады. Уақыт өте келе психологиялық проблемалар жүйке және жүрек-тамыр жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін.

Дәрігерлер аталған аурулардың алдын алу үшін әр сағат сайын 15 минут физикалық жаттығулар жасауға кеңес береді. Сонымен қатар шай немесе суды жиі ішіп отыруды ұмытпаған жөн. Олар бүйрекке түсетін жүктемені азайтады және қан тамырларын қалпына келтіреді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

live comments feed...