• Главная
  • Қазақстаннан ұрғашы малды алып шығуға тыйым салынды
09:30, 15 октября 2019 г.
Надежный источник

Қазақстаннан ұрғашы малды алып шығуға тыйым салынды

Қазақстаннан ұрғашы малды алып шығуға тыйым салынды

Тыйым алты айға енгізілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі 2019 жылғы 10 қазанында "Ауылшаруашылық жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды City04.kz.

Бұл құжатқа сәйкес, Қазақстан территориясынан тірі ірі қара малды, атап айтқанда, бір жасқа дейінгі аналық бұзауды, бір жастан асқан ұрғашы бұзауды, сиырды, қойды және тірі ешкі мен қошқарларды (ешкі мен лақтарды) Қазақстан Республикасынан алып шығуға алты айға тыйым салынды.

Бірлескен бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін 10 күн өткен соң (11 қазан) күшіне енеді.

Zakon.kz.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

live comments feed...