• Главная
  • Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін
11:30, 15 октября 2019 г.
Надежный источник

Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

Полигондағы оқиғаны ішкі істер министрлігінің тергеу тобы тергеп жатыр. Қаралып жатқан болжамдардың бірі – әскери қызметшінің қауіпсіздік талаптарын бұзуы

Желіде Маңғыстау облысындағы полигонда граната жарылысынан зардап шеккен әскери қызметші 6 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін деген ақпарат тараған. Бүгін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға осы жылдың 20 шілдесінде болған еді. Маңғыстау облысындағы полигонда өткен оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, № 99116 әскери бөлімнің екі сарбазы зардап шекті. Олардың біреуі қолы мен көзінен айырылған.

"Маңғыстау облысындағы полигонда болған оқиға бойынша. Мұны қорғаныс министрлігі емес, ішкі істер министрлігінің арнайы құрылған тергеу тобы тергеп жатыр. Тергеу тобының жұмысы аяқталғанға дейін ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Оған құқығым жоқ. Бірақ әртүрлі болжам қаралып жатыр", - деді Ермекбаев үкімет кулуарында.

Айтуынша, қаралып жатқан болжамдардың бірі – әскери қызметшінің қауіпсіздік талаптарын бұзуы.

"Егер бұл болжам дәлелденсе, онда әскери бөлімнің келтірілген шығынды қайтаруды талап етуге құқығы бар. Алайда қазір бір нәрсе айту ертерек. Тергеу аяқталғаннан кейін нақты қарайтын боламыз", - деді министр.

Ол зардап шеккен әскери қызметшіге барлық қажетті көмек, ең алдымен, медициналық және психологиялық жәрдем көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...