• Главная
  • Жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық келісім шарт
08:20, 16 октября 2019 г.
Надежный источник

Жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық келісім шарт

Жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық келісім шарт

Бүгін, 17​ қазан​ ​ күні "Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы ​ және City04.kz ақпараттық порталының басшылығы арасындағы ынтымақтастық туралы​ әріптестік келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды сайт.

Әріптестік келісімшарт жастар саясаты саласында тең құқылы және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін және жастар саясатын жүзеге асыру, қоғамдағы белсенді жастарды анықтау, өңіріміздегі жастар қозғалысының жаңалықтарын жаһандандыру мақсатында бастау алды.

Жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық келісім шарт, фото-1

Жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және білім, спорт, өнер, инновация бағытындағы Ақтөбе қаласындағы іс-шараларға қала және аудан жастарын ат салыстыру да межеге қойылған мақсат. 

Бұл әрекет аясында қала жастары мен аудан жастарының арасында достық қарым-қатынас орнату, жастар ұйымдарының қоғамға пайдалы іс-шаралар жасауы, қызметін үйлестіруді күшейту және одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдарды бірлесе қабылдау жұмыстары жасалмақшы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ САЙТА #СИТИ04 #CITY04

Комментарии

Объявления
live comments feed...