Еліміздің батысындағы әскери қызметшілері жылдың қорытынды тексерісін тапсыруда

Еліміздің батысындағы әскери қызметшілері жылдың қорытынды тексерісін тапсыруда, Сагимбаева Баян

 Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының барлық әскери бөлімдері жауынгерлік даярлық деңгейін бағалау және бөлімшелердің жауыгерлік әзірліктін тексеру үшін ауқымды қортынды тексерістен өтуде, деп хабарлайды City04.kz.

Тексерістің негізгі мақсаты жеке құрамның машықтығынын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондары басқармаларының шынайы деңгейін, бөлімшелердің қысқа мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірліктерін тексеру, сондай-ақ оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігінің деңгейін бағалау болып табылады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан алдияровтың айтуы бойынша:

- Осыған орай, өңірлік қолбасшылықтың Басқарамасы офцерлері құрамынан кешенді комиссия құрылды. Олар барлық әскери бөлімдерге жіберілді. Қорытынды тексеріс бірнеше кезеңмен өткізіледі деп жоспарланған. Тексеріске штаттық жауынгерлік техникамен жауынгерлік оқ атулар мен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізе отырып, түрлер, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың, батальондардың (дивизиондардың) барлық басқармалары, взводтар, роталар (батареялар) мен оларға теңестірілгендер тартылды. Оқыту пәндері бойынша сабақтар бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтуде.

Тексерілетін пәндердің қатарында атыс, тактикалық, арнайы дайындық, жауынгерлік машиналарды жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық даярлық. Комиссия сондай-ақ қару- жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу бойынша лауазымды адамдардың жұмысының ұйымадстырылу жүйесін, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін тексереді.

Әр әскери қызметшіге жеке дара тәртіпте және бөлімшелер құрамында теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге, практика жүзінде емтихандар тапсыруға тура келеді.

НОВОСТИ АТЫРАУ АКТОБЕ АКТАУ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии