• Главная
  • Жас журналисттерге мамандардан мастер-класс
14:25, 16 октября 2019 г.
Надежный источник

Жас журналисттерге мамандардан мастер-класс

Жас журналисттерге мамандардан мастер-класс

Журналист мамандығына қызығатын жастар қатары бүгінгі таңда артуда. Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті, талантты қатар алып жүретін бұл мамандық саласында қайткенде өз орнымды табамын деген студенттер республикалық көлемде өтіп жатқан "JasQalam" атты жобаның қатысушылары атанды, деп хабарлайды City04.kz.

Қазақстан жастарының конгресінің ұйымдастырумен өтіп жатқан "JasQalam" жобасының мақсаты дұрыс және сауатты сөйлеуді үйрету, ерекше және қызықты мәтіндер жазу, кез-келген қарым-қатынас кезінде өзіне деген сенімділікті ояту, емтихандар мен дебаттарда, көпшілік алдында сөйлеуді үйрену, журналистика мен блог жүргізумен байланысты мастер-класс жүргізу болды.

Жас журналисттерге мамандардан мастер-класс, фото-1

Ақтөбе қаласының 16-29 жас аралығындағы жастарды жұлдызды журналистер өткізетін телевизиялық, интернет және баспа журналистикасы, блоггинг және жеке брендинг бойынша республикаға танымал мамандардан дәріс алды.

Тележурналистика бағытында студенттерге өз қыр-сырларымен бөліскен "Қазақстан" ұлттық арнасындағы"Таңшолпан" бағдарламасының жүргізушісі Бейсеев Жансерік Берікқазыұлы болды.

- Қазір мүмкіндік бар сіздерде, жастар. Қазір мүмкіндік болған жерде қазір дамуымыз керек. Уақыты келгенде барлығы өз орнымен, бірақ қазіргі сәттерің даму үшін, алдыға қадам басу үшін ең қолайлы сәт, ең жақсы кезең,- деді Жансерік мырза жастарға мотивация бере отырып.

Жас журналисттерге мамандардан мастер-класс, фото-2

Кездесу барысында студенттермен ерекше әңгімелесу болып, өз тәжірбиесімен бөліскен Жансерік Берікқазыұлы қазіргі журналистика жөнінен де біраз дүниелерді қамтып өтті.

Жас журналисттерге мамандардан мастер-класс, фото-3

Форум соңында белсенді студенттер сертификаттармен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #ЖАНСЕРИК БЕРИККАЗЫУЛЫ #ТАНШОЛПАН #ЖАС ҚАЛАМ #ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА

Комментарии

Объявления
live comments feed...