Болашақ транспортшыларға жұмысты адал атқару қажеттілігі туралы айтылды

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде «Парасаттылық мектебі» кабинетінің салтанатты түрде ашылуы өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.

Мектептің салтанатты ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы М.Б.Мұхамбетов, басшының бірінші орынбасары Ғ.Н.Досанов, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Лаззат Аманжолқызы Уразбаева және колледж директоры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Ж.С.Мухамбетпаизова қатысты.

Болашақ транспортшыларға жұмысты адал атқару қажеттілігі туралы айтылды, фото-1

Алдымен шара қонақтары колледждің «Айқын» студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысып, мұражай, оқу-тәжірибе орталығы, кітапхана, студентер шығармашылығы көрмесін тамашалады.

Сонан соң «Парасаттылық мектебі» кабинетінің ашылу салтанаты өткізіліп, дәрстүрлі қызыл лента қиылды. Аталмыш кабинеттің жұмысы мен мақсаты таныстырылды.

«Парасаттылық мектебі» атауы жастарды адалдыққа, әділдікке және адамгершілікке баулудағы мектеп жұмысының бағытын толығымен айқындайды.

Қазіргі таңда, облысымыздың 22 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Парасаттылық мектебі» кабинеті ашылып, қалған білім беру ұйымдарында ашу жұмыстары жүргізілуде.

Білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті, облыстық білім басқармасы және Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктері арасында үш жақты Меморандум жасалған болатын.

Сонымен қатар «Саналы ұрпақ» жобасы аясында білім беру ұйымдарында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 35 колледжде «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды, барлық колледждерде «Адалдық сағаттары» тақырыбында сабақтар тұрақты ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласының 5 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында студенттерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасайды.

Аталған бағыттағы жұмыстар - облыстық білім басқармасы мен білім беру ұйымдарының "Адалдық алаңы" жобалық офисімен тығыз ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии