• Главная
  • Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін күшейтуді тапсырды
16:48, 16 октября 2019 г.
Надежный источник

Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін күшейтуді тапсырды

Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін күшейтуді тапсырды

16 қазан, сәрсенбі Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыс тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов осы жылдың 9 айында жүргізілген жұмыстар бойынша есеп берді. Өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны күннен-күнге көбейіп отыр.

Биылғы жылға облыста 5983 отбасына барлығы 4,5 млрд.теңге жоспарланған болса, бірінші сәуірде қосымша 2799 отбасына 266,7 млн.теңге төленген. Бірінші қазанға дейін бұл көрсеткіш 6,7 есеге артып, 18782 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Облыста тоғыз айда жалпы 18782 отбасына 6,4 млрд теңге АӘК көрсетілді. Әр түрлі себептермен 5242 отбасына әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған.

Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін күшейтуді тапсырды, фото-1

Басқарма басшысы сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында еңбекке қабілетті азаматтардың түрлі себептерді алға тартып, ұсынылған жұмыстардан бас тартуы елдегі жұмыссыздық пен және көлеңкелі экономиканың өсуіне алып келгендігін, атаулы әлеуметтік көмекке жүгінушілердің әр қайсысының арызы қала, ауыл округтері жанынан құрылған учаскелік комиссиялар тарапынан мұқият қаралып, нақты шешімдер қабылдану қажеттігін айтады.

Облыста кірістерін жасырған 1227 отбасының 1199-на төлем тоқтатылған. 1804 отбасына қайта есептеу жүргізіліп, 55 отбасына тағайындалған төлем нақтылау барысында дәлелденбегендіктен өзгеріссіз қалдырылды.

430 отбасына тағайындалған төлем уақытша тоқтатылған. 204 отбасыдан 17,4 млн. теңге артық төленген қаражат бюджетке кері қайтарылды.179 жеке кәсіпкердің 11- жұмысы тоқтап тұрғандар, 168-і жұмыс жасап 0-дік кіріспен, ең төменгі жалақы көрсетіп құжат тапсырған.

Олардың тұрмыс жағдайларына қайта тексеру жұмыстары жүргізіліп, кірістерін анықтау барысында 10 отбасынан 1405,3 мың теңге бюджетке кері қайтарылған.

- АӘК қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. Әлеуметтік салаға кемінде 50% қаражат бөлінуі керек. Әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау мемлекет басшысының қатаң бақылауында ,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына ағымдағы жылы 10,4 млрд.теңге бөлінген. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1085 адам техникалық және кәсіптік білім алды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды 937 адам аяқтап, 796 адам жұмысқа орналасқан.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2151 азамат кәсіпкерлік негізге оқуға жіберіліп, 699-ы өз бизнес-жобаларын қорғаған. 432 азамат қаржыландырылды. 1100 жас «Жас кәсіпкер» жобасында сертификат алды 630-ы бизнес-жобаларын қорғады. 215-і қаржыландырылды. Бағдарламаның үшінші бағыты аясында тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына 27 621 адам жұмысқа орналастырылған.

Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін күшейтуді тапсырды, фото-2

- Ауылды жерлерде жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрайды. Басқарма басшылары аудан әкімдерімен бірлесіп ауылды жерлерде тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашуды, жастарды соның ішінде ауыл жастарын жұмыспен қамту шараларын күшейтуді тапсырамын,-деді облыс әкімі.

Аймақта 26895 мүмкіндігі шектеулі азамат, 3560-ы 16 жасқа дейінгі мүгедек- балалар есепте тұр. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 1720,8 млн теңге бөлінген.8969 мүмкіндігі шектеулі азамат техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...