Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру тұрғысынан халықаралық ынтымақтастық жұмыстары

Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру тұрғысынан халықаралық ынтымақтастық жұмыстары, Сагимбаева Баян

Өңірде «Атамекен» ӨКП кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру тұрғысынан халықаралық «Машав» бағдарламасымен белсенді ынтымақтастық жұмыстарын жүргізуде.

Өңірде соңғы жылдары 20-дан астам кәсіпкер сүт шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, әйелдер кәсіпкерлігі, жастар кәсіпкерлігі сияқты бизнестің басым бағыттары бойынша білім алды.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті, оның ішінде жетілуі төмен балалардың жеке орталықтарын дамыту ерекше өзектілікке ие болып отыр. Бұл жерде ең басты мәселе кәсіби кадрлардың тапшылығы: персоналды оқыту қажет және алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін зерттеу қажет.

ӨКП директоры А. Даржанова атап өткендей, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бизнеске арналған қаржы құралдарының спектрі жеткілікті, алайда, ең алдымен тәжірибе және білім трансфері өзекті болып табылады. Бұл ретте Палата, қол қойылған меморандумдар аясында Ресейдің шекаралас өңірлерімен: Орынбор облысымен, Татарстан, Башкорстанмен ынтымақтастық жүргізуде.

Бүгін, 17 қазанда "Жас ұрпақ" орталығының базасында «Sulamot (Суламот)» (Израиль) топтық оқыту жүргізілуде, әрі қарай Палатаның қолдауымен орталықтың қызметкерлері Израильде тәжірибеден өтеді.

Қазір орталықта 50 бала бар, оның ішінде БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстаннан, 100-ден астам бала кезекте тұр.

Сұхбат 17-ші қазанда, сағат 11:00-де өтеді. Мекен-жайы: М.Оспанов көшесі 123

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии