Ақтөбелік жігіт 146 пакет Марихуанамен ұсталды

Ақтөбелік жігіт 146 пакет Марихуанамен ұсталды, Сагимбаева Баян

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнар-2019» жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз есірткі саудасымен айналысқан Ақтөбе қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды City04.kz.

Азаматтың тұратын мекен-жайы бойынша пәтерін тінту барысында салмағы 6 келіден астам 146 пакеттегі «Марихуана» есірткі заты табылды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің жедел іс-әрекеті нәтижесінде аса ірі мөлшердегі марихуана есірткісінің тасымалының жолын кесті.

Қара базарға тұтынушылар үшін есірткінің 17 500 дана бір реттік мөлшері түспеген. Тәркіленген есірткі мөлшерінің бағасы 2 млн теңгені құрайды.

- Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағы бойынша сот алды тергеу амалдары басталды,- деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаменті.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА,НАРКОТИКИ МАРИХУАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии