Білім беру жүйесін сынаған ұстазбен Білім министрі бетпе-бет жүздесті

Білім беру жүйесін сынаған ұстазбен Білім министрі бетпе-бет жүздесті, Сагимбаева Баян

Міне, осындай қөптеген қиыншылықтары бар жаңартылған білім беру жүйесінің тұсын көптеген мұғалім ел алдына шығып айта алмайды, өйткені ертең өзіме бәле бола ма деп қорқады. Сондықтан Көкшетау қаласының мұғалімі Әлия Ахетованың айтқан сөзі бұл Қазақстандағы ұстаздар қауымының жанайқайы деп түсінген дұрыс болар.

Желіде жаңартылған білім беру жүйесін сынаған ұстаздың видеосы қысқа уақыт ішінде миллионнан аса қаралымға ие болып, ол көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Жаңа бағдарламамен қазақстандық оқушылардың оқып жатқанына, міне төртінші жыл. Оған ата-аналардың көбісінің де көңілі толмауда. Өйткені оқушыға артылатын салмақ тым көбейіп кеткен, - дейді олар, деп хабарлайды City04.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

- Қорқыныш, уайым, стресс, теріс нәтиже болып қалмаса екен деп тағатсыздық таныту. Бұл "жаңартылған бағдарлама" деп аталатын дүниемен тығыз байланысты менің тап болған психологиялық күйім, - дейді тарих пәнінің мұғалімі Әлия Ахетова.

Әрине, жақсы болсын деген. Жаңартылған білім беру жүйесінің авторлары балалардың академиялық білімге ие екендігіне сенімді, алайда өмірде оны қолданатын тәжірибесі жоқ. Сондықтан осындай жаңашылдық қолға алынған. Айтпақшы, бұл жаңашылдық мектептерге 2016 жылы министр Ерлан Сағадиев болып тұрғанда енгізілген. Мыңдаған жаңа оқулықтар басылып шығарылды, жыл сайын 70 мың мұғалім жаңа тәсілмен жұмыс істеу үшін арнайы курстардан өте бастады.

- Бүгінгі таңда адам ХVІІ ғасырдың адамының бүкіл өміріне қажетті ақпаратты екі айға алады. Ақпарат өте көп. Осыны ескере отырып, жаңа оқу бағдарламасы жасалды. Біз жаңартылған мазмұнға көшу жағынан кешігудеміз, - деп түсіндірді ҚР бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Ең алғашында, бұл жүйе Назарбаев Зияткерлік мектептерінде сыналып, содан кейін еліміздің барлық оқу орындарында пайдаланыла бастаған. Биылғы жылы бітіру сыныптарынан басқасының барлығы жаңа әдіс-тәсілдермен оқиды. Балалардың білімі бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандағы жиынтық бағалау арқылы анықталады. Оны қысқартып, COP және СОЧ деп айтады. Міне, осы екеуі, қазақстандықтардың пікірі бойынша, балалар мен ата-аналар үшін ғана емес, мұғалімдердің де басты бас ауруына айналған. Мұғалімдер әр бөлімді аяқтаған сайын тестілеуге арналған жеке тапсырмаларды өз бетімен жасауы керек. Рас, ол үшін ақы төленеді. Бірақ кейбір мұғалімдер Интернеттен дайын тесттерді көшіріп ал жүр, бірақ оны НЗМ әріптестеріне үлгі болу үшін жүктеген. Сондықтан "барлық дайын тапсырмалар мен жауаптар интернетте қаптап жүр" деген қауесет осыдан шықса керек.

- СОЧ пен СОР тапсырмаларын дайындауға, ең кем дегенде, 2-2,5 сағат кетеді. Ал егер мұғалім бір күнде 3 сынып бойынша тест өткізсе, оны қашан жасауы керек? Түнде ұйықтамауы керек пе? – дейді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева.

Міне, осындай қөптеген қиыншылықтары бар жаңартылған білім беру жүйесінің тұсын көптеген мұғалім ел алдына шығып айта алмайды, өйткені ертең өзіме бәле бола ма деп қорқады. Сондықтан Көкшетау қаласының мұғалімі Әлия Ахетованың айтқан сөзі бұл Қазақстандағы ұстаздар қауымының жанайқайы деп түсінген дұрыс болар.

- Бұл өте қатал, пайдасыз, зұлым тәжірибе деп айтқым келеді. Неліктен? Шынын айту керек, балалардың әр сабаққа деген қызығушылығы, ынта-ықыласы жоқ. Олар СОЧ-ты күтеді, болды, баға алу үшін. Себебі олардан үйінде: "Сен неше алдың?" деп сұрайды ата-ана әдеттегідей. Баға әрқашан балаларды моральдық ынталандыру әдісі болып келді, - дейді өз сұқбатында көкшетаулық ұстаз.

"Өз пікірін жасырмай, батыл айтқан ұстазға қарсы ешқандай шара қолданылмайды, қудалау болмайды". Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені реттеуге жекелей бұйрық бергеннен кейін министр Әлия Ахетовамен жеке кездесіпті. Министр кез-келген мұғалімнің сынына құлақ асуға дайын екенін атап өтті.

- Жалпы, мазұнды әңгіме болды, біз осы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз. Мені кейбір әріптестерімнің аса белсенділігі қатты қуантады. Белсенді мұғалімдер өздерінің азаматтық ұстанымына байланысты жұмыста қиындықтарға тап болады деп айта алмаймын. Ауылдық, қалалық, оңтүстіктегі, солтүстіктегі әріптестерімізді жиынға шақырамыз; білім саласындағы мәселелерді қызу талқылаймыз, дауласамыз және бірыңғай шешімге келіп жатамыз. Бұл - жұмыстың қалыпты процесі, - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Жаңартылған білім жүйесінің бүгіндері аралық нәтижелері туралы айтудың өзі ерте екен. Мамандар оған 10-15 жылдан кейін баға беруге болатынын айтады. Ендеше бізге күтуден басқа амал жоқ.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии