Англияда 39 өлі адамды тиеген жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

Англияда 39 өлі адамды тиеген жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, Сагимбаева Баян

Мәйіттердің ішінде 38 ересек адам мен бір жасөспірім бар.

Ұлыбританияның Эссекс графтығында жүк көлігінің тіркемесін тексерген полиция 39 адамның мәйітінің үстінен түсті. Бұл туралы The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап korrespondent.net хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Ирландиядан келе жатқан жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі ұсталды. Ал жүк көлігінің өзі Болгарияда тіркеліп, ол арадан 19 қазанда шыққан деген болжам бар.

"Біз жүк көлігінің жүргізушісін қамауға алдық. Ол біз тергеу жүргізіп жатқандықтан, полиция қамауында болады", - деді бас сот маманы Эндрю Маринер.

Мәйіттердің ішінде 38 ересек адам мен бір жасөспірім бар. Басқа мәліметтер тергеудің мүддесі тұрғысында БАҚ беттерінде жариялануға тыйым салынған.

Айта кетсек, 2015 жылы Австрияда 71 адамның мәйіті бар фургон ұсталған. Кейін белгілі болғандай, олардың барлығы мигрант болған және фургонда тұншығып көз жұмған. Көп ұзамай Венгрияда заңсыз адам саудасымен шұғылданатын болгар-венгр қылмыстық тобының үш иммигранты ұсталған. Оның бірі Ауғанстан азаматы болып шыққан.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии