• Главная
  • Тікелей эфирде қазақ қызы шашын тақырлап алып тастады
21:00, 23 октября 2019 г.
Надежный источник

Тікелей эфирде қазақ қызы шашын тақырлап алып тастады

Тікелей эфирде қазақ қызы шашын тақырлап алып тастады

Шашымен тұтастай "қоштасқан" Ұлдана бұл әрекетінен соң өзін бағдарламаға іздеп келетін жігіт көп болады деп сенеді.

Ұлдана есімді қыз тікелей эфир барысында шашын тақырлатып алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ыңғайсыз жайт Qalayym.live бағдарламасында орын алған. Бағдарламаға қатысушылар қыздың мұндай шешімін әртүрлі қабылдады.

Бірі: "Хайп не істетпейді", "Ақымақ екенсің" десе, тағы бірі: "Сөзінде тұрдың, нағыз ер екенсің" деп жатты.

Ал шашымен тұтастай "қоштасқан" Ұлдана бұл әрекетінен соң өзін бағдарламаға іздеп келетін жігіт көп болады деп сенеді. Себебі осы әрекетке итермелеген желідегі жазбасында қыз: "Пәк екенімді дәлелдеу үшін тікелей эфирде шашымды тақырлаймын" деп көпке уәде бергенге ұқсайды. Осы уәде аузынан шыққалы желідегі және бағдарламадағы құрбы-құрдастары да оны "өтірікші" деп көп айыптап, ол психологиялық қысымға ұшыраған көрінеді.

Айта кетсек, Qalayym.live - жастардың танысып, бір-бірін жақын білісіп, орайы келсе, басын қосуға арналған көңіл көтеретін бағдарлама.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...