• Главная
  • "Үздік жас мұғалім - 2019" анықталды
09:00, 24 октября 2019 г.
Надежный источник

"Үздік жас мұғалім - 2019" анықталды

"Үздік жас мұғалім - 2019" анықталды

23 қазан күні Ақтөбе қаласының ​ әкімдігінде «Үздік жас мұғалім - 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды City04.kz

Ақтөбе облысының білім басқармасының қолдауымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ​ ұйымдастыруымен ​ облысымызда бірінші рет облыс көлемінде​ ​ білім беру ұйымдарының арасында «Үздік жас мұғалім - 2019» атты байқауы болып өтті.

Байқаудың нәтижесі анықталып, байқаудың жеңімпазын және қатысушыларын марапаттау рәсімі болды.

"Үздік жас мұғалім - 2019" анықталды, фото-1

Аталған марапаттау рәсіміне, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі білім және ғылым бақылау комитетінің Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Б.Б.Кузембаева, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Ж.Махамбетов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ Ақтөбе облысы ойынша институтының кафедра меңгерушісі п.ғ.к доцент А.К.Каплеева,​ «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының​ Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ-нің бас маманы А.Ж.Серимбетов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Дарынды жас өспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған» Білім инновация» лицей интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі С.М.Жумагамбетов​ ​ Республикалық ұстаздар лагеріне ​ жолдама жеңіп алды.

1 орынды ​ Шалқар ауданы Шалқар қаласының №5 мектеп лицейінің география пәні мұғалімі Ш.Р.Рустембеков Ақтау қаласындағы шипажайға жолдама жеңіп алды.

2 орынды​ ​ Қарғалы аудандық балалар өнер мектебінің мұғалімі ​ Ж.Б.Баймұхан ​ Ақтау қаласындағы шипажайға жолдама жеңіп алды.

3 орынды Хромтау ауданы Хромтау қаласының №7 мектеп гимназиясының математика пәнінің мұғалімі А.Р. Қамысбай Ақтау қаласындағы шипажайға жолдама жеңіп ​ алды.

ФОТО

Қатысушылар мен жеңіпаздарға марапаи табыстаушылар білім саласындағы өздерінің еңбектері туралы және алда қойған мақсат міндеттері туралы өз ойларымен бөлісті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...