• Главная
  • Ақтөбелік полицейлер қысқы киім үлгісіне көшуде
17:00, 24 октября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік полицейлер қысқы киім үлгісіне көшуде

Ақтөбелік полицейлер қысқы киім үлгісіне көшуде

23 қазан күні "Ұлттық Ұлан" 6655 әскери бөлімінде Ақтөбе облысы полиция департаментінің жеке құрамының дәстүрлі саптық байқауы өтті, деп хабарлайды City04.kz. 

Ақтөбелік полицейлер қысқы киім үлгісіне көшуде, фото-1

Саптық байқау жылына екі рет – көктемде, жазғы киім нысанына көшкен кезде және күзде, қысқы киімге көшкен кезде өткізіледі. Саптық байқау барысында нысанды киім-кешектің жағдайы, қызметтік куәліктер мен арнайы жетондардың сәйкестігі, сондай-ақ саптық жаттықтыру деңгейі, бөлімшелердің үйлесімдігі, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы тексерілді.

Саптық байқау полиция қатарын толықтырған 10 жас қызметкерлердің ант қабылдауынан басталды.

ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Сатыбалдин: - Дәл осы сыртқы қызметтің қызметкерлері бойынша азаматтар барлық полицияның жұмысын жалпы бағалайды, сондықтан сіз жинақы, сыртқы жағынан ұқыпты болып, қатаң түрде бұйрық талаптарына сәйкес киінуіңіз керек- деді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...