• Главная
  • Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
19:06, 24 октября 2019 г.
Надежный источник

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет

Ақтөбе облысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік жанындағы республикалық арнайы бақылау тобы жұмыс жасайды. Бүгін топ мүшелері облыс активімен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

Кездесу өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өтіп, оған басқарма, департамент, аудандар мен Ақтөбе қаласы әкімдігі аппараттарының басшылары, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Облыс әкімі: «Антикоррупциялық стратегия аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама қайта қаралып, бұл барлық деңгейдегі қоғам өкілдерімен тығыз байланысты қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған  шараларды қабылдауға  мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың түсіндіру жұмыстары маңызды»,- деп атап өтті.

Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес өңірде құқықтық сауаттылықты арттыру, халық арасында адалдық пен парасаттылық қағидаларын нығайту жұмыстары жүргізілетін «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс жасайтынын айтты, колледждер мен жоғары оқу орындарында 42 парасаттылық мектептері ашылған.
ҚР Сыбайас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалиннің сөзінше, топ мүшелерінің өңірлерге жұмыс сапарының негізгі мақсаты – халықпен, мемлекеттік қызметкерлермен және басқа да мақсатты топ өкілдерімен кездесу және олармен өзекті сұрақтарды талқылау, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының тиімділігімен танысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын насихаттау.

- Сыбайлас жемқорлық рейтингінде Қазақстан «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп» аясында 180 елдің ішінде 122 орында. Мемлекет барлық мемлекеттік органдардағы коррупциялық тәуекелді жою шараларын қабылдап жатыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықпен түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың өмірге зиянды ықпалының алдын алу жұмыстарын жүргізуге  назар аударуда. Мемлекеттің айқындылығына «Ашық бюджетердің интерактивті картасы» бірегей жобасының жүзеге асырылуы дәлел.

"Жоба ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету үшін, ел азаматтарының тұрмыс сапасын арттыруға және билік пен  азаматтық қоғам арасындағы байланыстың тіклей арнасын құру үшін жасалған,- деді Арман Бердалин.

Қоғам қайраткері, республикалық АБТ мүшесі Ырза Тұрсынзада өскелең ұрпаққа салт-дәстүрге негізделген рухани тәрбие беру жұмыстарын күшейтіп, жастарға адалдық, парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаларын сіңіру, сонымен қатар, мемлекетке адал қызмет ету үлгілерін көрсете отыра, халық арасында алдын алу жұмыстарына  ерекше көңіл аудару керек деп санайды.

Жұмыс бағдарламасы аясында республикалық АБТ мүшелері «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыстарымен танысты, колледждер мен ЖОО студенттерімен, өңір тұрғындарымен кездесті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...