• Главная
  • Тоқаев Алматыдағы мүгедек балаларға арналған орталыққа автобус сыйлады
11:00, 30 октября 2019 г.
Надежный источник

Тоқаев Алматыдағы мүгедек балаларға арналған орталыққа автобус сыйлады

Тоқаев Алматыдағы мүгедек балаларға арналған орталыққа автобус сыйлады

Мемлекет басшысына балалар мүгедектігінің алдын алуға, БЦСА-мен ауыратын балаларды көпжақты оңалтуға және жан-жақты әлеуметтік тұрғыдан жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. Президент аталған жобаның ізгі мақсатын атап өтіп, оны бүкіл республика көлемінде таратудың маңыздылығын айтты.

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында "Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің БЦСА балаларға арналған белсенді оңалту және ерте жастан қолдау орталығына барды, деп хабарлайды City04.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

Орталық мүгедек балалар мен қимыл-тірек аппаратында ақауы бар 18 жастан асқан адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мамандандырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев оңалту бөлмелерін аралап көріп, қызметкерлермен әңгімелесті. Мемлекет басшысына балалар мүгедектігінің алдын алуға, БЦСА-мен ауыратын балаларды көпжақты оңалтуға және жан-жақты әлеуметтік тұрғыдан жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Президент аталған жобаның ізгі мақсатын атап өтіп, оны бүкіл республика көлемінде таратудың маңыздылығын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай мекемелерді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің және демеушілердің қаржысына ашу қажет.

Мемлекет басшысы орталыққа арнайы жабдықталған шағын автобус тарту етті.

1572360735_0f478da8663722898d1cd4debd548a9f.jpg

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...