• Главная
  • Еңбегі ерен тұлға: Қажығали Мұханбетқалиұлымен кездесу
09:00, 30 октября 2019 г.
Надежный источник

Еңбегі ерен тұлға: Қажығали Мұханбетқалиұлымен кездесу

Еңбегі ерен тұлға: Қажығали Мұханбетқалиұлымен кездесу

Қазан айының 29-жұлдызында филология факультетінде жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлымен "Еңбегі ерен тұлға" атты  кездесу болып өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы көкейтесті сауалдарға жауап ізделініп, студенттермен еркін кездесу орын алды.

1942 жылы 8 желтоқсанда Байғанин ауданы, Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1965 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. Ақтөбе облыстық телевизия және радио комитетінде редактор, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде әдеби қызметкер болды.

Алматыдағы «Қазақстан» баспасында аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ pәдебиеті» газетінде жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналында бас редактор қызметтерін атқарған Қ.Мұханбетқалиевтің қазақтың ХVІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы күресінің басшысы, әрі би, әрі батыр Сырым Датұлы туралы ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізіп, тұлға туралы республикалық «Арыс» баспасынан «Сырым Датұлы» (2004) атты жинағы, әдебиет пен өнер туралы, қоғам туралы сан түрлі пікірлер мен мақалалардан тұратын «Тоғысар арнамыз бір толғанғанда...» (2010) атты кітаптары жарыққа шықты.

Тәуелсіздік жылдарында жазылған сүбелі еңбегі батыр, би, қайраткер Сырым Датұлы туралы баяндалған «Тар кезең» тарихи романы 2012 жылы оқырмандарына жол тартты. Мұхамбетқалиев Қ. Бірқатар қаламгерлердің шығармаларын (Р.Акутагава, С.Чубек, Л.Хонвано, Я.Брыль, Л.Колодезный, Дж.Одинаев, Х.Абдуллин, Т.Жұмагельдинов т.б.) қазақ тіліне аударды. Жазушыға 2002 жылы Байғанин ауданның құрметті азаматы атағы берілді. 2003 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...