• Главная
  • Қазақстан әскеріндегі бір күн
13:00, 30 октября 2019 г.
Надежный источник

Қазақстан әскеріндегі бір күн

Қазақстан әскеріндегі бір күн

Республикалық «Ел тірегі-2019» акциясының аясында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Атырау гарнизоныныда Қорғаныс істері жөніндегі Департаментімен бірлескен«Қазақстан әскеріндегі бір күн» форматындағы ашық есік күні өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Іс-шарада 500-ге жуық жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері, сонымен қоса Х.Досмұханбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедра тыңдаушылары қатысты. Құрметті қонақ ретінде Қарулы Күштердің ардегерлері шақырылды.

Қазақстан әскеріндегі бір күн , фото-1

Әскери-патриоттық тәрбие - жоғары патриоттық сананы қалыптастырудағы, өз еліне және адамдарына адалдық сезімін тәрбиелеудегі маңызды бағыттардың бірі. Іс-шара аясында жігіттер әскер өмірімен танысып, әскери киім мен әскери техника, қару-жарақтармен танысты.

Қазақстан әскеріндегі бір күн , фото-2

Әскери бөлімдердің офицерлер-тәрбиешілері әскери қызметшілердің өмірі, әскери қызмет тәртібі және жауынгерлік дайындық міндеттері туралы айтты.

Қазақстан әскеріндегі бір күн , фото-3

Студенттерге қолмен ұрыс тәсілдері көрсетіліп, әскерилендірілген эстафетаға қатысқысы келетіндер де табылды. Эстафетаның жеңімпаздары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командирінің сертификаттарына ие болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

live comments feed...