• Главная
  • Темір ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
11:12, 1 ноября 2019 г.
Надежный источник

Темір ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда

Темір ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда

ҚР ІІМ ТЖК төрағасының бірінші орынбасары М. Күлдіковтың №29-20-5-05/4808 санды хатына негізінде 28 қазан 3 қараша аралығында халық арасында улы газдан уланудың алдын алуға бағытталған үгіт-насихат іс-шаралары өткізілуде, деп хабарлайды City04.kz.

Жылыту маусымы басталғаннан бері 10 мыңнан астам адамды қамти отырып, 2 мыңнан астам аула аралау жүргізілді. Қысқы уақытта тұрғын секторда улы газбен улану мәселесі өршіп тұр:

адамдар электр жылыту құралдарын пайдаланады,пеш және газбен жылытады. Оларды пайдалану кезіндегі қателіктер орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін. Осындай профилактикалық іс-шаралар азаматтарды өрт қауіпсіздігінің қажетті талаптарын сақтауға шақырады, алайда біздің ауданның барлық азаматтары азаматтық қорғау қызметкерлерінің ұсынымдарына құлақ аспайды

Темір ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, фото-1

Адамдардың улы газбен улану салдарынан қаза болуы фактілерінің алдын алу мақсатында Темір ауданының ТЖ бөлімі, Темір ауданының Шұбарқұдық кенті №16 ӨСБ, «ҚазТрансГазАймақ» және Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп рейдтік іс- шаралар өткізілуде. Темір ауданының ТЖБ жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді:

- Төсекте темекі шекпеңіз, балконнан темекі тастамаңыз;

- Бір уақытта бірнеше қуатты электр құралдарын қоспаңыз;

- Оқшауламасы зақымдалған электр сымдарын пайдаланбаңыз;

- Қолдан жасалған сақтандырғыштарды қолданбаңыз;

- Газ және электр плиталарының үстіне іш киімді кептірмеңіз;

- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;

- Пеште тамақты қараусыз қалдырмаңыз;

- Жылыту маусымы басталар алдында пешті жөндеңіз;

- Мұржаларды күйеден айына 1 реттен кем емес тазалаңыз;

- Пешті жағу үшін жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз;

- Жанып жатқан пештерді және электр қыздырғыш құралдарды қараусыз қалдырмаңыз;

- Газ баллонын ауыстырған кезде баллонның редуктормен қосылуының герметикалығын сабынды ерітіндімен тексеріңіз, ешқандай жағдайда отпен тексермеңіз;

- Үйден шығарда газ және электр құралдарын сөндіріңіз;

Темір ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, фото-2

Азаматтар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар, бұл сіздің тұрғын үйіңізді және мүліктеріңізді өрттен сақтайды, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмайды!

Ақтөбе облысының ТЖД Темір ауданының ТЖБ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...