• Главная
  • Ақтөбенің жолдары қалыпқа келе ме?
15:00, 1 ноября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбенің жолдары қалыпқа келе ме?

Ақтөбенің жолдары қалыпқа келе ме?

Ақтөбеліктердің қала жолдарын қалыпқа келтіру туралы ұсыныс-тілектері талқыланды, деп хабарлайды City04.kz.

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында шаһар басшысы М.Абдуллиннің төрағалығымен қаладағы автокөлік жолдарын қалыпқа келтіру және жөндеу мәселелері қаралды. Қоғамдық талқылауға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, блогерлер қатысады. Ақтөбе қаласының әкімдігі шаһарда көлік кептелісін азайту мақсатында жол айырықтарын, оң жақ бұрылыстарды, жол үсті өткелдерін, көпірлерді салу, көше жолдарын жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр. Жобалардың сызбалары қала әкімдігі сайтының www.akt.gov.kz ресми парақшасында және инстаграм әлеуметтік желісіндегі @aqtobe_akimat парақшасында орналастырылады.

Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында онлайн түрінде талқыланады. Дәлірек айтқанда, ақтөбеліктер қала жолдарын қалыпқа келтіретін жобалардың сызбасымен тынысып, ұсыныс-пікірлерін қалдыра алады.

— Біз қаланың дамуына қатысты жұмыстарды ақтөбеліктерді қатыстыру арқылы жетілдіруге ниеттіміз. Қала жолдарының жөнделуіне, құрылысына байланысты жобаларды жүзеге асыру кезінде тұрғындардың, қоғам белсенділерінің, БАҚ өкілдерінің пікірлері міндетті түрде ескеріледі. Ал ұсыныс-тілектеріңізді әлеуметтік желі арқылы көріп отырмыз, — деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Жоспарланған жұмыстарға тоқталатын болсақ, Сәңкібай батыр даңғылындағы айналма жолдан Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі аумақтың автожолы алты жолақты болып қайта жөнделеді. Сәңкібай батыр даңғылы мен Ә.Молдағұлова даңғылы қиылысатын тұста жол айырығы салынады. 12-ші шағын аудандағы айналма жолда оң жақ бұрылыстар пайда болады, бұл айналма жолда көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді. Сол сияқты 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы мен М.Мәметова көшесінің және 312-ші атқыштар дивизиясы мен Ә.Молдағұлова даңғылдарының түйіскен тұсында жол айырығы пайда болады.

Бұл да жылдан жылға көлік нөпірі көбейіп келе жатқан үлкен қалада кептелісті болдырмауды көздейтін жобалардың бірі. Ал тұрғындар көп жүретін Тургенев көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығының алдындағы жолға жаяу адамдар үшін жол үсті өткелі салынады. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін қажет.

- Ақтөбе қаласының аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 651 шақырым. Оның ішінде 300 км асфальт-бетон жамылғысы бар. 2019 жылы 18 жобаға 4,2 млрд. теңге бөлініп, жылдың аяғына дейін 33 шақырым жол жөнделеді. Қазіргі таңда жалпы соммасы 11,8 млрд.тг. болатын автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 40 жобалық-сметалық құжаттама дайын. Алдағы жылдары осы жобаларды толығымен жүзеге асырған жағдайда, жолдардың 80 пайызы асфальтталады,- деп мәлімдеді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #МАВР АБДУЛЛИН

Комментарии

Объявления
live comments feed...