• Главная
  • Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді
16:05, 2 ноября 2019 г.
Надежный источник

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Сенбі, 2 қараша күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келіп, аймақтың бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап, жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

«Шығармашылық академиясында» өткен кездесудің модераторы облыс әкімі Оңдасын Оразалин Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерін таныстырып, жұмыс сапарының барысына тоқталып өтті.
Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, басқармалар мен департаменттер, ЖОО, ҚХА, облыстық, қалалық қоғамдық кеңестер, денсаулық, білім, бизнес, мәдениет, Үкіметтік емес ұйымдар, спорт және БАҚ өкілдері Үкімет мүшелеріне сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді, фото-1

- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және талқылау мақсатында Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелері облысымызға арнайы келіп отыр. Мәртебелі қонақтармен кездесіп, көкейлерін мазалаған сұрақтарына жауап алу  үшін бүгінгі жиынымызға түрлі саланың өкілдері жиналды. Мемлекет басшысының алдымызға қойған үлкен міндеттері мен нақты тапсырмаларын орындау бағытында бірқатар жұмыстарды жүргізіп келеміз. Аймағымызға арнайы жұмыс тобымен келген Үкімет мүшелеріне Ақтөбе өңірінің жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін, - деді аймақ басшысы О.Оразалин.

Жиын барысында жергілікті кәсіпкер-меценат З.Баймағамбетова, облыстық мәслихат депутаты Г.Ерғазина, денсаулық саласының ардагері Р.Рахиев т.б. Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевқа ауыл шаруашылығына бөлінген гранттар, денсаулық, білім, бизнес саласын дамыту жағдайына қатысты сұрақтарын қойды.
Кездесуде сөз алған Б.Сапарбаев арнайы баяндама жасап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында білім, денсаулық, АӘК, бизнес, әлеуметтік медициналық сақтандыру салаларына бөлінген қаржылар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен тарқатып өтті. 

- Өздеріңіз күнделікті БАҚ беттерінен жақсы біліп отырсыздар. Бүгінгі кездесудегі басты мақсатымыз - Мемлекет басшысының Жолдауында Үкіметке берген тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны және келешекте атқарылатын жұмыстары туралы мәлімет беру. Үкіметіміздің қандай да бір саяси дағдарыстар мен экономикалық қиыншылықтар болса да халықтың тұрмысын жақсарту ең негізгі міндеттерінің бірі, - деп атап өтті Б.Сапарбаев.  

Содан кейін Б.Сапарбаев облыстың ардагерлер қауымымен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті. 
Үкімет мүшелері бастаған топ №64 орта мектепте жиналған мектеп директорлары мен білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Осы жерде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің білім-ғылым жүйесінде жасалып жатқан жаңалықтарға кеңінен тоқталып, ұстаз мәртебесі, жалақының көтерілуі туралы түсіндіріп өтті.   
Үкімет мүшелері бастаған топ медициналық Жедел жәрдем станциясының, «Аяла» реабилитациялық орталығының жұмысымен және балалар стоматологиялық емханасы құрылысының жүру барысымен танысты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ОНДАСЫН УРАЗАЛИН #БЕРДИБЕК САПАРБАЕВ

Комментарии

Объявления
live comments feed...