• Главная
  • Шығармашылық даму орталығының ашылу салтанаты
11:50, 3 ноября 2019 г.
Надежный источник

Шығармашылық даму орталығының ашылу салтанаты

Шығармашылық даму орталығының ашылу салтанаты

Шығармашыл балалар мен жастар ата-анасының қай кезде де көз қуанышы. Олардың жетістікке ұмтылуы мен бір нәрсе ден қойып қызығушылықпен кіріскені мақтаныш. 

Ақтөбенің де біршама балақайлары жаңадан ашылған немесе бұрыннан бар оқу орталықтарында өз тәлімдерін шындап жүр екен. Күні кеше Шығармашылық даму орталығының ашылу салтанатында Асель ханым бастаған орталықтың тәлімгерлері өз өнерлерін көрсетіп, алған білімдері еш зая кетпейтіндігін танытты.

Орталықтың ашылу салтанатына құттықтап келушілер де аз болмады. Ортаға шығып сөз сөйлегендер қатарынан осы бастамаға үлесі бар, көмек қолын созған "Даму" қорының өкілі мен кәсіпкерлер жиынының өкілі болды.

Шара барысында жиылған қауым үшін арнайы сыйлықтар табысталды. Сұрақ-жауап ретінде өткізілген ойындар нәтижесінде ұтыс иегерлері орталықта оқу үшін жеңілдіктермен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #новости казахстана

Комментарии

Объявления
live comments feed...