• Главная
  • "Құдай сақтасын!". Димашты "сынады" деген айтыскер ақын басқаша сөйлеп отыр
17:04, 4 ноября 2019 г.
Надежный источник

"Құдай сақтасын!". Димашты "сынады" деген айтыскер ақын басқаша сөйлеп отыр

Жандарбек Бұлғақовқа Димаштың әкесі қатты ренжіп қалғанға ұқсайды.

Айтыскер ақын, "Алтын домбыра" сыйлығының иегері Жандарбек Бұлғақов Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтпаевтың өзіне ренжіп қалғанын білмейтінін айтты, деп хабарлайды City04.kz Zakon.kzке сілтеме жасап.

"…(Қытайлардан) Олардан қанша ғасыр сақтанып ек, ал қазір аса қатты жақындау бар.

Алдап-сулап Димашқа жүлде беріп, саясатпен қазаққа татырған бал.

Залымдар ғой, Димашың ән айтқанда, өтірік жылап-сықтап бақырғандар.

Бірте-бірте еліңді басып алса, бармақ шайнап, бас ұрып, ах ұрмаңдар!

Жерлеріңнен айырылып шыңғырғанда, шеттеріңнен Димаш боп отырмаңдар!, деп бір айтыста жырлаған Жандарбек Бұлғақовқа Димаштың әкесі қатты ренжіп қалғанға ұқсайды (телеарна тілшілерінің айтуынша).

"Димаштың әкесінің маған ренжіп қалғанын білмейді екенмін. Негізі, жағдай былай болған. Астанада айтыс болып, оны Қытайдан келген қандастарымыз ұйымдастырған болатын. Сондықтан сол айтысты тамашалауға келген көрермендердің 70-80 пайызы Қытай қандастарымыз болды. Видеосын көрсеңіз, соған куә боласыз. Ертең мына жерімізден айырылып қалған кезде Димаш секілді біз шыңғырып отырмайық деп айтқан болатынмын. Бұл жерде Димаштың таланты нашар, ол тағысын тағы деген сөз жоқ, олай айтудан Құдай сақтасын!

Менің Димаштың өнеріне деген, қазақ сахнасына әкелген жаңалығына деген ешқандай дауым жоқ. Мен "Дарын" сыйлығын алған кезде, Димаш сол сахнада өнер көрсетіп, тіпті менің қуанышыма ортақтасқан азамат", - дейді ақын бұл арада бір түсінбестіктің болғанын меңзеп.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ДИМАШ КУДАЙБЕРГЕН #ЖАНДАРБЕК БУЛГАКОВ

Комментарии

Объявления
live comments feed...