• Главная
  • "Таусылып кеттік!". Батыс Қазақстанның шаруалары көтерілді
11:03, 5 ноября 2019 г.
Надежный источник

"Таусылып кеттік!". Батыс Қазақстанның шаруалары көтерілді

"Таусылып кеттік!". Батыс Қазақстанның шаруалары көтерілді

Бүгінгі таңда тек ақтөбелік фермерлердің қарызы 6 миллиард теңгеге жуық. Жалпы алғанда, Қазақстандағы барлық шаруаның қарызы - 36 миллиард.

Батыс Қазақстанда алғаш рет фермерлердің митингі өтті. Шаруалар Ауыл шаруашылығы министрлігінде тәртіп орнатуды, ақыры өздеріне уәде етілген субсидияларды төлеуді талап етуде. Олар шенеуніктердің өздерін мемлекеттің мойнында асылып қалған қайыршылар деген пікір қалыптастыруда деп айыптайды. Ал бұл уақытта олар бюджеттен бөлінген, өздеріне тиесілі ақшаны еш қамсыз "қарпып" жатыр деп есептейді. Мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істемейді, субсидиялардың ставкасы өте төмен, қаржыландыру деңгейі де нашар. Наразылық акциясы осындай ұрандармен өтті, деп хабарлайдыZakon.kzке сілтеме жасап, City04.kz.

Олар облыс орталығына барлық ауыл-аймақтан жиналды. Фермерлер үшін әр сағат алтынға тең. Бірақ шыдамдары таусылған соң олар бүгін барлық шаруасын тастап, орталыққа жиналып, көшеге шықты. Тағы да уәде етілген субсидиялар берілмеген. Шаруалар қарыздан қарызға белшесінен батып, әбден діңкесі құрыған. Қаншама тер төгіп, үміт артып қымбатқа сатып алған асыл тұқымды малын союға мәжбүр. Бір министр кетіп, басқа министр келеді. Одан түк пайда жоқ. Проблема сол күйі шешілмейді. Әр келген министр өзінің бір өзгерісін алып келеді, бірақ ауылдағылардың не қалайтынын, қандай проблемасы барын естігісі де келмейді.

- Бір министр келді, бәрімізді ӘКК дегенге айдап бір-ақ тықты. Тағы біреуі келді де оны сызып тастады, бұл дұрыс емес дейді. Қайсын тыңдауымыз керек, ұқпаймыз? Сиыр мен жылқылар - керегі жоқ дейді. қажеті жоқ. Барлық бағдарламаға қарасаң жап-жақсы, бірақ олар жергілікті деңгейде жасалмаған, - дейді фермер Руслан Шүйіншалин.

Ақтөбелік фермерлер қалыпты жұмыс жағдайларын талап етеді. Техникаларға субсидия мөлшері 80% -ға дейін артыруды талап етеді, қазір ол - 25%, онда да ол бәріне бұйыра бермейді. Осындай бағдарламаларды әзірлейтін Ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс тобын құру керек. Ең бастысы, олардың ауылшаруашылығында жұмыс жасайтынына көз жеткізіңіз, жұмыс істемесе оның не қажеті бар?

Субсидияны қазан айында төлеуге уәде етілген екен.

- Уәде етілген ақша жоқ. Бір сөзбен айтқанда, сөзбен "субсидиялап" жатыр бізді. Берсе ақпан айында беріп қалатын шығар, - дейді фермер Самат Қалдығұлов.
- Біз қазір 3,7 миллиард теңгеге өтінімдерді қабылдадық, олар бізде тұр, кейбіреуі мақұлданды, кейбіреулері резервте тұр. Бірақ біз 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында төлеуді жоспарлап отырмыз, - деді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім бастығы Панабек Бимұратов.

Шаруалар қымбат техника сатып алудан қорқады. Олар оны сатып алу үшін кем дегенде 5 жылдық жеңілдік бағдарламасын сұрайды. Өйткені болашаққа сенім жоқ. Жергілікті әкімдіктер шаруаларға ет пен сүтті қаладағы базарларға арзан бағамен өткізсін дейді. Ал бұл қып-қызыл шығын. Арзанға өткізесің ғой, бірақ ол үшін әкімдік шаруаларға ештеңе бермейді. Мұндай саясат шаруалардың ығырын шығарған. Бүгін алаңға 100 фермер шықты. Ертең оларға басқа аймақтағылар келіп қосылмақ. Бүгінгі таңда тек ақтөбелік фермерлердің қарызы 6 миллиард теңгеге жуық. Жалпы алғанда, Қазақстандағы барлық шаруаның қарызы - 36 миллиард, бұл ақшасыз ауыл тұншығып, титықтап барады. Көшеге шықпағанда енді қайтеді?

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ ЗАПАД

Комментарии

Объявления
live comments feed...