• Главная
  • Қазақстанда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі
17:05, 5 ноября 2019 г.
Надежный источник

Қазақстанда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі

Қазақстанда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі

Қазақстанда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін жүзеге асыру басқармасының басшысы Жасұлан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды City04.kz.

- Таяу айдың ішінде қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізілетін болады. Бүгінгі күні бұйрық, нормативтік-құқықтық акті дайын және мемлекеттік органдармен келісу сатысынан өтіп жатыр. Жақында уақытта, мүмкін осы не келесі айда нормативтік-құқықтық акті қабылданып, Әділет министрлігінде тіркеледі деп үміттенемін», - деді ол пластика қалдықтарын жинау және қайта өңдеу тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы барысында. Оның атап өтуінше, аталған нормативтік-құқықтық акті жария түрде талқыланған. Енді тек мемлекеттік органдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу ғана қалып отыр.

Одан кейін Әділет министрлігі рәсімдеуі тиіс. Сонымен қатар ол қаптаманы кәдеге жарату алымының да ставкасы қанша болатындығын айтып берді.

- Болжалды мәліметтерге сәйкес, әр бөтелкеге 0,5 теңге немесе 10 тиын болады. Ең үлкен ставка 1,5 теңге мөлшерінде шыны бөтелкелерге белгіленіп отыр. Оның өзі де салмағына байланысты. Қаптаманы кәдеге жарату алымын өндірушілер мен импорттаушылар төлейді. Біз мұны 2018 жылы енгізуді жоспарлаған едік. 2017 жылдан жұмыстарды қолға алдық. Бұл мәселені тыңғылықты қарастырдық, - деді Экология министрлігінің өкілі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...