
19:00, 5 ноября 2019 г.
Надежный источник
Алматыда сексеуілді қорғауға шақыратын «4 тонна құм» арт-қондырғысын алып тастады

Алматыда жақында орнатылған «4 тонна құм» арт-инсталляциясы алынып тасталды, деп хабарлайды City04.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сексеуілді қорғауға шақыратын «4 тонна құм» арт-қондырғысы Алматының Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта 9 қазан күні орнатылған болатын.
- Бұл уақытша қойылған инсталляция еді. Қазір қондырғы Іле Алатауы ұлттық паркінде. Біз оны келесі жылы акция аясында Таразда немесе Шымкентте орнатуды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді БҰҰДБ.
Аталмыш арт-нысанның ашылу рәсімінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, «осындай инсталляция арқылы біз көрнекі түрде сексеуілді шабудың нәтижесінде шөлейттенудің қандай салдары болатынын көрсеткіміз келді», - деп атап өткен болатын.
Арт-нысанда құммен көмкерілген үйді көруге болатын. Құм Алматы қаласынан 160 шақырым жердегі Бақбақты ауылынан жеткізілген. «4 тонна құм» арт-жобасы экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға, өсімдіктердің бірегей түрлеріне қамқорлық танытуға бағытталған. Сондай-ақ, сексеуілді сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға және оны отын ретінде пайдаланудан бас тартуға шақырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:00
3 февраля
12:20
3 февраля
07:17
3 февраля
20:00
26 января
18:23
26 января
20:00
22 января
Комментарии