11:00, 7 ноября 2019 г.
Надежный источник

"Навеки вместе" фестивалі өтті

"Навеки вместе" фестивалі өтті

Ақтөбеде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік аясында облыстық ҚХА ғимаратының коцерт залында «Навеки вместе» фестивалі өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Этносаралық ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға арнайы келген РФ Орал қаласында вице-консулы В.Волков, фестивалдің құрметті қонағы болды.

Ақтөбе облысы ҚХА және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен, «Славяне» Ақтөбе аймақтық орталығы» ҚБ бастамасы бойынша өткен шараға ЭМБ төрағалары мен өкілдері, «Искорки» үлгілі халықтық би ансамблі, Ақтөбе қаласындағы ұшқыштар училищесінің сарбаздары мен қала тұрғындары қатысты.

Фестивальдің ашылуында сөйлеген Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева, қатысушыларды бүгінгі мерекемен құттықтап, татулығымыз бен бірлігіміз мәңгілік болсын деп тілегін білдірді. Одан әрі хатшылық меңгерушісі Ассамблея атынан РФ Орал қаласында вице-консулы В.Волковқа алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Ұлттар татулығының үлгісін көрсеткен шарада сахна төріне тау халқының рухты жігіттері менкәрістердің «ханбок» киген қыздары ұлттық билерімен шықса, алорыстардың музыкалық аспабы балалайкада ойнаған өнерпаздар менукраин тілінде әсем әндер шырқаған хор ұжымдары мерекенің көркін қыздырды. Ал, «Саржайлау» мен «Отан - Ана» әндерін қазақтан кем орындамайтын «Купава» фолк – модерн тобы көптің қошеметіне бөленді.

Фестивальде «Славяне» ЭМБ-нің жанындағы «Коляда» фольклорлық ансамблі, «Радуга престиж» халықтық би ансамблі, «Русская песня» халықтық хоры, «Купава» фолк-модерн халықтық тобы, «Ладушки» үлгілі вокалдық-хореографиялық ансамблі, «Сударушки» вокалдық тобы, «Алые паруса» үлгілі театр ұжымы, «Кристалл» жексенбілік мектебі қатысып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, «Оксана» украин халықтық хоры, «Барвинок» үлгілі балалар фольклорлы би ансамблі, «Возрождение» неміс халықтық хоры, «Вяра» болгар ЭМБ, «Дэш» сыған ансамблі, «Чхинсон» корей халықтық би ансамблі, «Сердце Кавказа» би ансамблдері де қатысып сахнаның сәнін келтірді.

«Мәңгілік біргеміз» деп ән шырқап, ұлттар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін көрсеткен фестивальдің соңында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н.Ағниязов мерекелік шараға белсене қатысып, концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан шығармашылық ұжымдарды марапаттады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...