15:14, 8 ноября 2019 г.
Надежный источник

Құтқару міндеті – асыл қасиет

Бүгінгі таңда ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты осы ұранмен өз курсанттарын дайындайды.

Көкшетау техникалық институты ҚР ІІМ ТЖК жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады, азаматтық қорғау органдарына жоғары білімді «өрт қауіпсіздігі», «төтенше жағдайларда қорғау», «азаматтық қорғаныстың командылық тактикалық күштері» мамандықтары бойынша әр түрлі экстремалды жағдайларда міндеттерді шешуге қабілетті адамгершілігі жоғары және іскерлік қасиеттері бар білікті офицерлер дайындайды.

Институтқа күндізгі оқу орнына 16 жасқа толған және 25 жастан аспаған, әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу немесе үміткерлерді кешенді тестілеу туралы сертификаттарының балдарына сәйкес қабылданады. Курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіқаланың орта мектептері мен колледждерінің түлектерін ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу үшін шақырады.Барлық қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша Кадр жұмысы бөлімі: 54-38-58, 70-47-32 телефонындарына немесе Маресьев көшесі, 81 «А» мекен-жайына хабарласа аласыз.

Өрт сөндіру қызметінің

Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...