• Главная
  • Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кету себептері анықталатын болады
16:57, 8 ноября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кету себептері анықталатын болады

Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кету себептері анықталатын болады
7 қараша, бейсенбі күні  облыс әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауовтың төрағалық етуімен аппарат отырысы өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы, ақпараттық қауіпсіздік, персоналдың таза ауысымдылығы мәселесі қаралған жиынға  ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының м.а  Бауыржан Оразов  видеобайланыс арқылы  аудандық әкімдіктердің  аппарат басшылары қатысты. Ақтөбе облысы әкімі аппаратының  ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас инспекторы Шыңғыс Нұржігіт ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне тоқталды. 
Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан кету себептері анықталатын болады, фото-1
Бұдан соң, персоналды басқару біріңғай қызметінің басшысы  Мирхан Ермағанбетов персоналдың таза ауысымдылығы мәселесі алаңдататын жағдайға жеткендігін айтады. Себебі, биыл облыста 112  мемлекеттік қызметші жұмыс орындарын ауыстырған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға көбейді. Кейбір қала, аудандарда таза ауысымдылық көрсеткіші жыл басында бекітілген шекті мәннен айтарлықтай асқан. 
Нұржауған Қалауов  Мирхан Ермағанбетовке  мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан не себепті кеткендігіне талдау жасау қажеттігін,әсіресе өз еркімен жұмыстан кеткендер арасында сауалнама жүргізуді тапсырды. 
«Себепсізден себепсіз қызметтен кету мәселесіне тоқтау салу қажет.Бос орындар саны 132 болып тұр. Біз осы орындардың орнын толықтыра алмай жатқанда, екінші жақтан себепсіз жұмыстан босап жатады»,-деді аппарат басшысы.

«Е-Қызмет» ақпараттық жүйесі қолданысының деңгейі де көңіл көншітпейді. Талдау қортындысы мемлекеттік органдардың жүйедегі белсенділігінің  өте төмен екендігі анықталған. Мәселен, электронды-цифрлық қолтаңба қою арқылы 26 443 құжаттың небәрі 1293 немесе 4,9% әзірленген. Жыл басынан бері  «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесіне 18 776 құжат енгізілген.
Нұржауған Қалауов  мемлекеттік қызметкерлердің қағазбастылықтан әрі  уақытын тиімді пайдалану мақсатында  жасалған ақпараттық жүйені белсенді пайдалану қажеттігін тапсырды. 
Сонымен қатар облыс әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларына    тұрғындар тарапынан  келетін арыздар мен хаттарға берілген мемлекеттік орган жауаптарының сапасын қатаң сынға алды. Себебі, сұраққа нақты жауап берудің орнына ұзақ тармақшалардан тұратын заңдарды көрсетіп, қарапайым азаматтарға түсініксіз жауап қайтарылады.
«Бұдан былай азаматтардың хатына берілетін жауап тікелей әкімдік аппаратының тексеруінен соң ғана жарияланатын болады. Хат жауабы қарапайым түсінікті түрде жазылуы қажет»,-деді Нұржауған Қалауов
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...