Тұрғын үйге бөлінген ақша: Оқушыларға жинақтау сабағы

Тұрғын үйге бөлінген ақша: Оқушыларға жинақтау сабағы, Сагимбаева Баян

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақтөбе облыстық филиалының мамандары оқушылар арасында ойын түріндегі Жинақтау сабағынөткізді, деп хабарлайды City04.kz.

№27 орта мектептің орта буын оқушылары қатысқан шара «Жинақтау сабағы» деп аталды.

Ойын ережесіне сай, балалар «Тұтынушы» және «Жинақтау» атты 2 топқа бөлінді. Әр топқа 1 000 000 теңге сертификаты беріліп, сол қаражатқа той жасау міндеті қойылды. «Тұтынушы» тобы өз қаражатының үстіне екінші деңгейлі банктен 2 000 000 теңге несие алып, 3 жыл бойы 75 000 теңгеден қарызын қайтаратын болды, ал «Жинақтаушы» тобы тойын 1 000 000 теңгеге өткізіп, алдағы 3 жыл бойы ай сайын 75 000 теңгеден  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтады.

Нәтижесінде «Тұтынушы» тобы артық төлем жасап, қарыздан 3 жылдан соң құтылды, ал «Жинақтаушы» тобы 3 жылда қомақты қаражат жинап, «Нұрлы жер» бағдарламасымен баспаналы болды.

Екі топ шыққан шығындарын есептеп, ақшаны үнемдеу керек екенін және депозит ашып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақша жинақтаған тиімді деген шешімге келді.

Сабақ барысында ұлттық валюта және банк туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар мектеп ішінде «идеялар қобдишасы» қойылды. Бір апта көлемінде мектеп оқушылары ақшаны қалай тиімді жинақтауға болатыны туралы өз ойларын сол қобдишаға салулары керек. Ең қызықты жазылған 3 ұсынысқа банк тарапынан естелік сыйлық тағайындалған. Бұл шара Дүниежүзілік жинақ күніне орай ұйымдастырылды.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии