• Главная
  • Қысым басталды. Ақтөбеде митинг жасаған шаруалардың берекесі қашты
12:00, 14 ноября 2019 г.
Надежный источник

Қысым басталды. Ақтөбеде митинг жасаған шаруалардың берекесі қашты

Қысым басталды. Ақтөбеде митинг жасаған шаруалардың берекесі қашты

Қостанай, Өскемен, Қарағанды да еш жерде фермерлер салық төлемейді әкелген малға. Біз неге төлеу керекпіз? Бұл митингтен кейін бізге көрсетіліп отырған қысым деп білеміз - ақтөбелік фермер.

Ақтөбеде өздеріне тиесілі субсидияны талап етіп көшеге шыққан шаруалардың басы бәлеге қалды. Оларға субсидия төленгені былай тұрсын, керісінше осыған дейін болмаған салық түрін салып, өздерін әуреге салып жатыр. Енді субсидия жайын уақытша ұмытуға мәжбүр шаруалар салықтың жайын реттеу үшін әкімдік алдына тағы жиналды, деп хабарлайды City04.kz Zakon.kzке сілтеме жасап.

"Оразбай Тоқатаров екі ай бұрын Татарстаннан 31 миллион теңгеге елу бас ірі қара әкелген. Енді сол мал үшін миллиондаған салық төлеуге міндеттеліпті", - дейді телеарна тілшісі.

Оразбай ТОҚАТАРОВ, КӘСІПКЕР:

- Үкіметтің қағазы бар приравнивается чистопородный, племенной деген жоқ идет зачет деп ше. Енді палатадан письмо берді. Мал сәйкес келеді деп. Бұлар айтады пленнойға тағы бір нәрсе ал деп.

Махамбет САҒИЕВ, КӘСІПКЕР:

- Салық кодексі бойынша бізге негіздеп айтсын, мысалы үшін төлемейтін болса, төлемейсіңдер, төлейтін болса, төлейсіңдер деп анықтап шартты бізге берсін. Біз соңы емеспіз. Талай адам әкеледі. Біз төлемейміз. 7-8 млн кредит алып отырған соң қайдан төлейсің.

Шаруалардың айтуынша, заңға сай мемлекеттік бағдарламамен асылтұқымды мал әкелушілер салықтан босатылған. Осы күнге дейін солай болып келген. Ал қазіргі жағдайды шенділер қолдан жасап отыр деп санайды.

Руслан СҮЙІНШАЛИН, КӘСІПКЕР:

- Міне, адамдар 500-600 шақырым жерден мал әкеліп тұр. Енді қосымша құн салығын төлеуді міндеттеп жатыр. Бұрын мемлекеттік бағдарламаға төлемей келдік. Кеден мен салық өзара мәселені шеше алмаса, бізге не дейді? Қостанай, Өскемен, Қарағанды да еш жерде фермерлер салық төлемейді әкелген малға. Біз неге төлеу керекпіз? Бұл митингтен кейін бізге көрсетіліп отырған қысым деп білеміз.

Биыл шаруалар жылда төленетін субсидиядан қағылған еді. Өңірде қуаңшылықтан жем мен шөптің де бағасы шарықтап кеткен. Жығылған үстіне жұдырықтай болып енді қосымша құн салығы қосылған. Ал кәсіпкерлер палатасы шикілік салық орындарынан кетті деп отыр.

Сағынғазы ҚҰРМАНАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ «АТАМЕКЕН» ПАЛАТАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жыл басынан бері бізде тек асыл тұқымды мал салықтан босатылған болатын. Бірақ өкінішке орай, Ресейде асыл тұқымды мал мен қатар чистопородный деген мағыналық сөз бар. Ол чистопородныйда свидетельство племенного происхождение болмайды. Онда тек выписка болады. Сол себептен салық комитетінде дұрыс түсініксіз болып отыр. Сол себепті біз қазір ұсыныспен шығып отырмыз.

Қазіргі кезде өңірдегі шаруалар бірігіп, өз құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестік құрған. Енді құрамына фермерлер енген Үкіметтен жұмыс тобын құруды талап етіп отыр. Шығынға баттық деп шырылдаған шаруалар арыздарын қағаз бетіне түсіріп, Ауыл шаруашылығы министріне, тіпті Президентке де жолдаған.

Айта кетсек, бүгінгі таңда тек ақтөбелік фермерлердің қарызы 6 миллиард теңгеге жуық. Жалпы алғанда, Қазақстандағы барлық шаруаның қарызы - 36 миллиард, бұл ақшасыз ауыл тұншығып, титықтап барады. Енді оған, митингтен соң осыған дейін болмаған салық түрі келіп қосылуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...