• Главная
  • Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
12:05, 14 ноября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

 Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, өңір басшысының бұйрығымен бұл лауазымға Руслан Мамунов тағайындалды, деп хабарлайды City04.kz.

14 қараша облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен  аппараттық отырыста  облыс әкімінің экономикалық сұрақтары бойынша жаңа орынбасары таныстырылды. 

39 жастағы Руслан Маратұлы Мамунов Ақмола облысында туған. «ҚазТұтынуОдағының экономикалық университеті», «Қазақ гуманитарлық заң университеті», Эдинбург қаласындағы  «Шотландия Менеджмент және маркетинг мектебін»  экономист, заңгер, МВА корпоративтік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын  Ақмола облысы, Ақкөл аудандық Салық комитетінде  маман болып бастаған.


«ҚазМұнайГаз» АҚ менеджер, бас менеджер, Қоғамның еншілес компанияларында департамент директоры,  «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы, «KazSatNet» АҚ келісімшарттар бөлімінің басшысы, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ #РУСЛАН МАМУНОВ

Комментарии

Объявления
live comments feed...